Күндізгі стационар
№1 Қалалық емхананың күндізгі стационары мемлекеттік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламалары және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде осы емханаға тіркелген халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін, тәулік бойы бақылауды талап етпейтін созылмалы аурулары асқынған пациенттерді емдеуге ауруханаға жатқызу үшін, сондай-ақ тәулік бойы стационарлық емдеуден кейін консервативті емдеуді жалғастыру үшін ұйымдастырылған.
Пациенттерді күндізгі стационарға іріктеуді және жіберуді учаскелік терапевтер, ЖПД дәрігерлері, емхананың белгілі бір мамандары жүргізеді. Жұқпалы аурулар күндізгі стационарда емдеуге қарсы көрсеткіш болып табылады.
Күндізгі стационар жұмысының мақсаты емхана миссиясын орындауға бағытталған:
- тіркелген халықтың денсаулығын сақтау және нығайту;
- медициналық көмек көрсету сапасын арттыру;
- пациенттердің қадір-қасиетін және өмірлік қағидаттарын құрметтеу;
- әр пациентке жеке көзқараспен қарау.
Күндізгі стационарда ем алу үшін күндізгі стационар дәрігерінің кеңесінен кейін сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін алдын ала жазылу қарастырылған.
Дәрігер мен мейіргер үнемі салауатты өмір салтын насихаттайды. Дәрілік препараттар диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, сондай-ақ ҚР KNF сәйкес ғана тағайындалады.
Біздің қызметкерлер:
Емельянова Айгүл Шұғанқызы, жоғары біліктілік санаты бар терапевт дәрігер, еңбек өтілі 30 жылдан астам.
Жүрсінова Сәуле Сәкенқызы, жоғары біліктілік санаты бар мейіргер, еңбек өтілі 30 жылдан астам.
Байғазақова Сандуғаш Болатбекқызы, жоғары біліктілік санаты бар мейіргер, еңбек өтілі 20 жыл.