Әйелдер консультациясы
Әйелдер консультациясының қызметі қалалық кешенді бағдарламалар мен «Отбасын жоспарлау», «Нәрестені ана сүтімен қоректендіруді қолдау бағдарламасы», «Қауіпсіз ана болу бағдарламасы» нысаналы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Бөлімшеде учаскелік акушер-гинекологтарды қабылдау кабинеттері, кәсіби тексеру кабинеті, отбасын жоспарлау кабинеті, күндізгі стационар, емшара кабинеті бар.
Әйелдер консультациясында:
- акушер-гинеколог дәрігерінің кеңесі,
- кольпоскопиялық зерттеу, тазалық дәрежесіне жағындыларды алу және онкоцитология,
- жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерді диспансерлік бақылау,
- гинекологиялық науқастарды сауықтыру,
- әйелдер саласындағы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға профилактикалық тексерулер,
- гинекологиялық науқастарды тексеру және жедел емдеуге жіберу,
- бедеуліктің себептерін тексеру және емдеу,
- қажетсіз жүктіліктің алдын алу жн т.б. көмек көрсету шаралары іске асырылады.
Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі және әйелдердің хабардарлығын арттыру мақсатында "Әйелдер мәселелері"жедел желі телефоны жұмыс істейді. Барлық сұрақтар бойынша осы телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: 8 727 273 01 74 жұмыс күндері сағат 08.00-ден 15:00-ге дейін). Еңбек өтілі: 33 жыл "Әйел денсаулығы" туралы барлық сұрақтарға білікті акушер-гинеколог жауап береді. |
|
Бөлімшенің аға акушері Оспанова Чинар Дюсембаевна, жоғары біліктілік санаты бар маман. Еңбек өтілі: 27 жыл Байланыс телефоны: 8 777 741 41 31 |