Рентгенодиагностикалық бөлімше
Бізде балалар үшін де, ересектер үшін де кең бейінді білікті амбулаториялық рентгенодиагностикалық қызметі көрсетіледі.
Бөлімше рентген қорғау кешендері бар жаңа цифрлық рентген аппаратымен жабдықталған.
Klinomat , Италия, 2 жұмыс орнында цифрландырылған (көлденең рентгендік зерттеу үстелі, тік рентгендік зерттеу үшін стенд.
Italray Clinomat цифрланған рентген аппараты рентгенографиялық зерттеулер үшін әмбебап шешім болып табылады.
|
Өткізілетін диагностикалық қызметтердің көлемі:
- Құрсақ қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы
- Кеуде қуысының рентгенографиясы
- Бас сүйегінің рентгенографиясы
- Омыртқа рентгенографиясы
- Жамбас сүйектерінің рентгенографиясы
- Жоғарғы және төменгі аяқ пен қол сүйектерінің рентгенографиясы.
- Балалар рентгенодиагностикасының толық көлемі.
|
|
Флюорографиялық цифрлық аппарат:
- Проскан, Ресей
- Флюорограф 12ф9, Ресей
|
|
Маммография:
- СИМА (Украина) жаңа цифрлық маммографиялық рентген кешені сүт безі ауруларының диагностикасын жүргізу үшін әзірленген.
СИМ кешенінің ерекше сипаттамалары:
- рентгендік кескінді цифрлық өңдеу арқылы кескіннің диагностикалық құндылығын арттыру, атап айтқанда контрастты, жарықтылықты түзету, масштабты өзгерту, сүзу, бұру, оң және теріс жақтарының көрсетуін қамтамасыз етеді;
- экспозиция параметрлерін автоматты немесе қолмен реттеу (суреттің ұзақтығын, анод кернеуін, электр мөлшерін, түтік тоғын таңдау);
- сүт безінің тегіс электр жетегі;
- суреттерді Internet арқылы беру мүмкіндігі (DICOM 3.0 форматында);
- рентген үлдірінің көмегімен дәстүрлі әдіспен маммологиялық зерттеулерді жүзеге асыру;
- суреттерді, қорытындыларды компьютер жадында, лазерлік дискіде, дискетада, қағазда тіркеу және мұрағаттау.
|
|
Бөлімшеде тәжірибелі білікті қызметкерлер жұмыс істейді
Рентгенология бөлімшесінің меңгерушісі Аскарова Гулайым Каниевна, жоғары біліктілік санаты бар рентгенолог дәрігер, еуропалық (Вена, Австрия) радиолог сертификатына ие, жұмыс өтілі 32 жыл.
- Жунисов Бахытжан Жоламанович рентгенолог-дәрігер. Еңбек өтілі 3 жыл.
- Зарипов Ильдар Махмутович рентгенолог-дәрігер. Еңбек өтілі 3 жыл.
|
|
Рентген-лаборанттар:
- Аға рентген-лаборант Рахимжанова Мираш Слямбековна рентген-лаборант.
- Давлетпакова Айсулу Жанабаевна, бірінші біліктілік санатты рентген-лаборанты, жұмыс өтілі 12 жыл.
- Лоскутова Анна Николаевна рентген- лаборант. Еңбек өтілі 6 жыл.
|