Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Біз туралы

Алматы қаласының №1 Қалалық емханасы 1964 жылы Фрунзе ауданының ересек халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін ашылды.

Емхана жұмыс істеп келе жатқан жылдардан бастап аталған медициналық мекемеге көрнекті қоғам қайраткерлері басшылық еткен:

1. Косминская Татьяна Михайловна – емхананың ашылуынан бастап 1976 жылға дейін емхананың алғаш бас дәрігері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі және ҚазҚСР-дың еңбек сіңірген дәрігері.

2.Мусабаев Халык Мусабаевич – 1854 жылдан бастап 1971 жылға дейін, ҚазҚСР Денсаулық сақтау Министрінің орынбасары, 1976 жылдан 1987 жылға дейін емхананың бас дәрігері. Ұлы Отан соғысының ардагері, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысының Ордендер Кавалері, «Трудового Красного знамени» Орденінің, «За победу над Германией», «За победу над Японией»,«За освоение Целинных земель», «За доблестный труд» медальдарымен марапатталған, Денсаулық сақтау үздігі, ҚазҚСР-дың еңбек сіңірген дәрігері.

3. Корнияш Римма Александровна – 1988 жылдан бастап 1989 жылға дейін емхананың бас дәрігері лауазымын атқарды, емханадағы жұмысын Х.М.Мусабаевтың басшылығымен терапевтік бөлімінің меңгерушісінен бастады, кейін ҚазҚСР Денсаулық сақтау министрлігінің 4 штаб-бөлімшесінде жұмыс істеді.

4. Чен Александр Николаевич – 19971 жылдан бастап 1993 жылға дейін емхананың бас дәрігері лауазымын атқарды, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, қазіргі уақытта - ҚР ақпарат және талдау орталағының басшысы.

5. Оңғгарсынова Алмагүл Макизқызы – 1994 жылдан бастап 2006 жылға дейін емхананың бас дәрігері лауазымын атқарды, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты ұйымдастырушы.

6. Қошымбеков Мұрат Қошымбекұлы – 2006 жыдан бастап 2008 жылға дейін емхананың бас дәрігері лауазымын атқарды, Денсаулық сақтау үздігі, бірінші санатты ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, қазіргі уақытта Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да кафедра меңгерушісі.

7. Ембердиева Жазира Әлімжанқызы – 2008 жылдан 2012 жылға дейін емхананың бас дәрігері лауазымын атқарды, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, қазір Алматы қаласының №1 Сәби Үйінің бас дәрігері.

8. Сералин Ержан Болатбекұлы – 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін емхананың бас дәрігері лауазымын атқарды, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, іскер әкімшілдік магистрі, «Нұр-Отан» партиясының мүшесі. Осылардың арқасында емхана қаладағы үздік емханалардың бірі екенін дәлелдеді.

Біздің емхана – табысты дамып келе жатқан, уақытқа сай дамып жатқан, диагностикалық емдеу ұйымы негізінде:

  • 1990 жылы денсаулық сақтаудағы бірінші дербес компьютерлер қондырғысы орнатылған, есептеуіш орталық барлық жұмыс бөлімдерінде ашылды, нәтижесінде ҚР-дың барлық емханаларында қолданылатын «ААЖ Емхана» бағдарламасы ашылды.
  • 1996 жылы ММС(міндетті медициналық сақтандыру) енгізілді.
  • 1998 жылдың медициналық жұмыскерлерге дифференциалданған еңбекақы төлеу бойынша ойдағыдай біткен пилоттық жоба жүргізілді.
  • 2000 жылы құрамында 5 учаскелік және отбасы жоспарлау жұмыс бөлмесі бар әйелдер консультациясы ұйымдастырылды.
  • 2008 жылы №6 балалар емханасының қосылуымен балалар бөлімшесі ашылды.
  • 2013-2014 жылдары учаскелік дәрігерлермен балалар және ересек халыққа отбасылық дәрігердің ұстанымымен қызмет көрсететін 4 ортақ тәжірибелік учаске құру мақсатымен уческелік қызмттің қайта құрылуы өтті.

2008 жылы №1 Қалалық емхана мемлекеттік мекемеден қазыналық-коммуналдыққа ауысты, ал 2013 жылы құзырлықтың құқығына ауысты.

Емделушілер үшін тіркеу орны, сенім телефоны, емхана сайты арқылы мамандарға алдын ала жазылу қызметі жұмыс істейді.

Емхана құрылымында:

  • терапевтік бөлімше;
  • педиатриялық бөлімше;
  • арнайы медициналық көмек көрсету бөлімшесі;
  • физиотерапевтік бөлімше;
  • рентгенологиялық бөлімше;
  • диагностикалық- клиникалық бөлімше;
  • стоматологиялық жұмыс бөлмесі;
  • әйелдер консультациясы;
  • УДЗ жұмыс бөлмесі;
  • функциялық диагностика жұмыс бөлмесі;
  • ФГДС жұмыс бөлмесі;
  • отбасын жоспарлау жұмыс бөлмесі;
  • сау бала жұмыс бөлмесі;
  • ЕДШ жұмыс бөлмесі;
  • егде адам жұмыс бөлмесі;
  • профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлмесі;
  • 20 төсек-орынға арналған күндізгі стационар;
  • ақылы бөлім.

2013 жылдың мамыр айында ақылы бөлімше ашылды.

Пациенттердің қабылдауын 20 бейіннің мамандары жүргізеді. Олар: хирург, оториноларинголог, терапевт, педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері, кардиолог, невропатолог, окулист, эндокринолог, онколог, маммолог, рентгенолог, инфекционист, психолог, иммунолог, стоматолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист- дәрігер, гастроэнтеролог, акушер-гинеколог мамандары қызмет көрсетеді.

Емханаға тіркелген тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін қамтамасыз ету үшін тұратын азаматтарға ерте жүрек-қантамыр жүйесінің, қант диабетінің, глаукома, сүт бездерінің, жатырдың, қуық асты безінің, тікішегі мен жуанішегінің, өңештің, асқазанның, бауырдың обыры ауруларын ерте анықтау мақсатында, скрининг тексерулері өткізіліп тұрады, балалар мен жасөспірімдердің профилактикалық тексерулерін іске асырады.

№1 ҚЕ ары қарай даму жүйесін жетілдіру, жұмыс ұйымдары, халыққа қызмет көрсету сапасының жоғарылауы үшін үлкен әлеуеті бар.

Қазіргі таңда емханада 98 дәрігер мен 165 мейірбике еңбек етіп жүр.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb