Алматы қ., Гоголь көш., 53
Call-орталық емханалары:+7 (727) 273-03-87

Пациент үшін

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы. [Жүктеу.word]



Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің тізбесі

1. Жалпы ережелер

  • Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға бюджеттік қаражаттар есебінен беріледі және барынша дәлелденген тиімділігіне ие болған профилактикалық, диагностикалық пен емдеу медициналық қызмет түрлері кіреді.
  • Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлеміне (әрі қарай - ТМККК ) келесілер кіреді:
  • жедел медицналық көмек көрсету және санитарлық авиация;
  • бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ( әрі қарай - БМСК), бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультативтік-диагностикалық көмек көрсету (әрі қарай - КДК) ;
  • шұғыл көрсеткіштері бойынша - жолдаманың бар-жоғына байланысты емес денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органымен белгіленген (әрі қарай - өкілетті орган) ауруханаға жатқызуға (шектелген көлемінде) оқиғаларының жоспарланған санының шеңберінде БМСК немесе медициналық ұйымы маманының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету;
  • БМСК немесе медицина ұйымы маманының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету;
  • бұрынғы қалпына келтіру ем және медициналық оңалту;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тұрғындар категориясы үшін паллиативті көмек көрсету және мейірбике күтімі.

2. ТМККК тізбесі

  • Жедел медициналық көмек көрсету түріндегі ТМККК тізбесіне келесілер кіреді:
  • ТМККК шұғыл көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету және дәрмек формулярларына сәйкес дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету;
  • медицина ұйымдарына медициналық көрсеткіштері бойынша ауруларды жеткізу;
  • бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету.

4. ТМККК санитарлық авиация нысаны ретінде келесілер жатады:

  • пациенттің орналасқан орны бойынша медициналық ұйымның тиісті кәсіби біліктілігінің мамандары немесе медициналық жабдығы болмағандығынан тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқтығыннан шұғыл медициналық көмек көрсету;
  • аурудың орналасқан орнына кәсіби білікті мамандарды жеткізу немесе көліктің әртүрлі модельдерімен тиісті медициналық ұйымына ауруды көлікпен тасымалдап деткізу.

5. ТМККК азаматтарға амбулаторлық-емханалық көмек көрсету БМСК және КДК ретінде көрсетіледі және оға келесілер кіреді:

  • мамандардың тексерулері, консультациялар жүргізу;
  • полимеразды тізбекті реакцияның негізінде диагностикалауды қоспағанда, зертханалық пен құрал-аспаптар арқылы, иммунофенотиптілеу, компьютерлік пен магнитті-резонансты томографиялық, ангиографиялық, медико-генетикалық зерттеулер, олар медициналық көрсеткіштері және БМСК маманымен (немесе) бейінді мамандардың жолдамасы бойынша жүргізіледі: 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғыс қатысушыларына; мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» кеудеілгіштерімен марапатталған көпбалалы аналарға; адресті әлеуметтік көмек алушыларға; жас мөлшері бойынша зейнеткерлерге, жанындағыларға қауіп-қатер төндіретін инфекциялық, әлеуметтік тұрғыдан маңызды ауруларға шалдыққандарға ( әрі қарай - әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар); 
  • медициналық қызмет түрлері ( медицина ұйымының жұмсау материалдарын қолдануымен инъекциялар, дәкеден жасалған, қатаятын таңғыштарды, шиналарды, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және өзге де амбулаторлық емшаралары) (әрі қарай - медициналық қызмет түрлері );
  • медициналық көрсеткіштері бойынша 18 жасқа толмаған балаларға физиоемшаралары;
  • әлеуметтік тұрғысынан тұрғындардың қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек көрсету, жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету ( ортодонтиялық пен ортопедиялықтан басқа) 18 жасқа толмаған балаларға және жүкті әйелдерге, ауру тісін жұлдыру, химиялық қатаятын композитты материалдардан пломбылау және ауруды тісті тазалап, дәрі қоюын қосқанда;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралары: Мероприятия по формированию здорового образа жизни: салауатты өмір салтын және тамақтануды насихаттау; тұрғындарды гигиеналық тұрғыдан үйрету; отбасын, аналықтыы, әкелікті және балалық шақты қорғау; тұрғындарға қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және оңтайлы тамақтануы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу;
  • белгілі ауруларына (жағдайына) шалдыққан жеке категориядағы азаматтарын өкілетті органымен бекітілген тізбесіне сәйкес дәрі-дәрмек заттарымен , арнайы емдік азық-түлік өнімдерін тегін және ( немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін қамту; 
  • өкілетті органымен белгіленген тәртібіне сәйкес тұрғындардың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбесіне сәйкес инфекциялық пен паразитарлық ауруларға қарсы профилактикалық егулерді өткізу;
  • инфекциялық аурулардың көз ошақтарында індетке қарсы (профилактикалық) санитарлық- індетке қарсы іс-шараларды өткізу.

6. Стационарлық көмек көрсету түрінде көрсетілетін ТМККК келесілер кіреді:

  • мамандарды тексерулері, консультация беру;
  • денсаулық сақтау саласында стандарттарға сәйкес зертханалық пен құрал-аспаптар арқылы зерттеулері;
  • медициналық көрсеткіштері бойынша дәрі-дәрмек заттарының формулярларына сәйкес медициналық қызмет көрсету (ақылы қызмет түрлерінен басқа), дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету;
  • медициналық көрсеткіштері бойынша қан және оның құрамбөлік дәрмектерімен қамтамасыз ету;
  • тиісті күтім және тағамтанумен қамтамасыз ету;
  • бұрынға қалпына келтіру ем және медициналық оңалту;
  • паллиативтік көмек көрсету және мейірбике күтімі.

7. Стацонардың орнына жүретін ТМККК көмек көрсетуге келесілер жатады:  

  • мамандарды тексерулері, консультация беру;
  • Ммедициналық көрсеткіштері бойынша 4 сағаттан 8 сағатұқа дейін бір күн ішінде дәрі-дәрмек заттарының формулярларына сәйкес медициналық қызмет көрсету (ақылы қызмет түрлерінен басқа), дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету.

Біздің емхана қалай да ТМККК қызмет түрлерін, солай да сапалы ақылы қызмет түрлерін ұсынуға дайын. Сіздерді Гоголь көш., 53 - мекен -жайы бойынш күтеміз.
Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb