Алматы қ., Гоголь көш., 53
Call-орталық емханалары:+7 (727) 273-03-87

Біз туралы

Денсаулық жолында 50 жыл

Алматы қаласының №1 қалалық емханасы 1964 жылы Фрунзе ауданының ересек халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін ашылды.
Емхана жұмыс істеп келе жатқан жылдардан бастап көрнекті қоғам қайраткерлері басшылық еткен:

1. Косминская Татьяна Михайловна – емхананың ашылуынан бастап 1976 жылға дейін, емхананың алғаш бас дәрігері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі және ҚазҚСР-дың еңбек сіңірген дәрігері.

 

 

 

2. Мусабаев Халык Мусабаевич – 1854 жылдан 1971 жылға дейін, ҚазҚСР Денсаулық сақтау Министрлігінің орынбасары, 1976 жылдан 1987 жылға дейін емхананың бас дәрігері. Ұлы Отан соғысының ардагері, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысынығ Ордендер Кавалері, «Трудового Красного знамени» Орденінің, «За победу над Германией», «За победу над Японией»,«За освоение Целинных земель», «За доблестный труд» медальдарымен марапатталған, Денсаулық сақтау үздігі, ҚазҚСР-дың еңбек сіңірген дәрігері.

 

 

3. Корнияш Римма Александровна – 1988 жылдан 1989 жылға дейін, емханадағы жұмысын Мусабаев Х.М басщылығымен терапевтік бөлімінің меңгерушісінен бастады, кейін ҚазҚСР Денсаулық сақтау министрлігінің 4 штаб-бөлімшесінде жұмыс істеді.

 

 

 

4. Чен Александр Николаевич – 19971 жылдан 1993 жылға дейін, мғд, профессор, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, қазіргі уақытта ҚР ақпарат және талдау орталағының басшысы.

 

 

 

5. Оңғгарсынова Алмагүл Макизқызы – 1994 жылдан 2006 жылға дейін, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты ұйымдастырушы.

 

 

 

6. Қошымбеков Мұрат Қошымбекұлы – 2006 жыдан 2008 жылға дейін, Денсаулық сақтау үздігі, бірінші санатты ұйымдастырушы, мғд, профессор, қазіргі уақытта Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да кафедра меңгерушісі.

 

 

 

7. Ембердиева Жазира Әлімжанқызы – 2008 жылдан 2012 жылға дейін, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, қазір Алматы қаласының №1 сәби үйінің бас дәрігері.

 

 

 

8. Сералин Ержан Болатбекұлы – 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, іскер әкімшілдік магистрі, Нұр-Отан партиясының мүшесі. Осылардың арқасында емхана қаладағы үздік емханалардың бірі екенін дәлелдеді.

 

 

 

Біздің емхана – табысты дамып келе жатқан, уақытқа сай дамып жатқан, диагностикалық емдеу ұйымы негізінде:
-1990 жылы денсаулық сақтаудағы бірінші дербес компьютерлер қондырғысы орнатылған емептеуіш орталық барлық жұмыс бөлімдерінде ашылды, нәтижесінде ҚР-дың барлық емханаларында қолданылатын «АИС Емхана» бағдарламасы ашылды.
-1996 жылы ММС(міндетті медициналық сақтандыру) енгізілді.
-1998 жылдың медициналық жұмыскерлерге дифференциалдалған еңбекке ақы төлеу бойынша ойдағыдай біткен пилоттық жоба жүргізілді.
-2000 жылы құрамында 5 учаскелік және отбасы жоспарлау жұмыс бөлмесі бар әйелдер консультациясы ұйымдастырылды.
-2008 жылы №6 балалар емханасының қосылуымен балалар бөлімшесі ашылды.
-2013-2014жж учаскелік дәрігерлермен балалар және ересек халыққа отбасылық дәрігердің ұстанымымен қызмет көрсететін 4 ортақ тәжірибелік учаске құру мақсатымен уческелік қызмттің қайта құрылуы өтті.
2008 жылы №1 қалалық емхана мемлекеттік мекемеден қазыналық-коммуналдыққа ауысты, ал 2013 жылы құзырлықтың құқығына ауысты.
Емделушілер үшін тіркеу орны, сенім телефоны, емхана сайты арқылы мамандарға алдын ала жазылу қызметі жұмыс істейді.
Емхана құрылымында:
-терапевтік бөлімшесі;
-педиатриялық бөлімшесі;
-арнайы медициналық көмек көрсету бөлімшесі;
-физиотерапевтік бөлімшесі;
-рентгенологиялық бөлімшесі;
-диагностикалық- клиникалық бөлімшесі;
-стоматологиялық жұмыс бөлмесі;
-әйелдер консультациясы;
-УДЗ жұмыс бөлмесі;
-функциялық диагностика жұмыс бөлмесі;
-ФГДС жұмыс бөлмесі;
-отбасын жоспарлау жұмыс бөлмесі;
-сау бала жұмыс бөлмесі;
-ЕДШ жұмыс бөлмесі;
-егде адам жұмыс бөлмесі;
-алдын алудың және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлмесі;
-20 койка-орынға арналған күндізгі стационар;
-ақылы бөлім.
2013 жылдың мамыр айында ақылы бөлімше ашылды.
Пациенттердің қабылдауын 20 бейіннің мамандары жүргізеді. Олар: хирург, оториноларинголог, терапевт, педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері, кардиолог, невропатолог, окулист, эндокринолог, онколог, маммолог, рентгенолог, инфекционист, психолог, иммунолог, стоматолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист- дәрігер, гастроэнтеролог, акушер-гинеколог мамандары қызмет көрсетеді.
Емханаға тіркелген тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін қамтамасыз ету үшін тұратын азаматтарға ерте жүрек-қантамыр жүйесінің, қант диабетінің, глаукома, сүт бездерінің, жатырдың, қуық асты безінің, тікішегі мен жуанішегінің, өңештің, асқазанның, бауырдың обыры ауруларын ерте анықтау мақсатында, скрининг тексерулері өткізіліп тұрады, балалар мен жасөспірімдердің профилактикалық тексерулерін іске асырады.
№1 ҚЕ ары қарай даму жәнеабақарманың жүйесін жетілдіру, жұмыс ұйымдары, халыққа қызмет көрсету сапасының жоғырлауы үшін үлкен әлеуеті бар.
Қазіргі таңда емханада 98 дәрігер мен 165 мейірбике еңбек етіп жүр

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb