Алматы қ., Гоголь көш., 53
Call-орталық емханалары:+7 (727) 273-03-87

Балаларға арналған тамақ (құнарлы қоспа) кімге тегін беріледі?

Сәбидің дүниеге келуі – отбасының барлық мүшелері үшін көптен күткен қуанышты оқиға, дегенмен ата-аналар өздері, әсіресе, орын алған қаржы қиындықтарды ескере отырып, өз сәбиіне толыққанды құнарлы тамақтандыруға дайын емес екендігі жиі байқалады.

1 жасқа толғанға дейінгі сәбилерге тегін балалар тамағын (құнарлы қоспасын) беру келесі бұйрықтардың негізінде қатаң түрде іске асырылады:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, соның ішінде амбулаториялық деңгейінде жеке категориядағы белгілі аурулары бар (жағдайына қарай) азаматтарына тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың және арнайы емдеу азығының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасында педиатрия қызметті көрсетуін ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығын.

Осы құжаттарға сәйкес баланы бейімделген сүтпен қоректендіру қоспасымен қамтамасыз ету келесі жағдайларда іске асырылады:

1. Абсолюттік көрсеткіштер:
- қолдан қоректендіру:
А). медициналық:
- ана сүтімен қорекендіретін ананың аурулары: АЖТВ-инфекциясы, туберкулездің белсенді түрі;
- баланың аурулары: расталған туа біткен лактаздық (сүттенудің) жетіспеушілігі, галактоземия, фенилкетонурия, « үйеңкі шырыны» ауруы;

Б). әлеуметтік :
асырап алынған балалар.

2. Салыстырмалы көрсеткіштер:
- жасанды қоректендіру
А) . медициналық:
ана сүтімен қоректендірітен ананың дәрілік заттарды тұтынуымен ілеспе аурулары: (цитостатиктерді, радиоактивтік, тиреоидты, психотроптық, есірткі заттарын) бейінді маманның қорытындысы болған жағдайда: жіті психикалық аурулар (психоздар немесе ауыр босанғаннан кейінгі депрессиялар), жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулықтары , жүрек-тамыр жүйесінің декомпенсациясымен ілесіп дамитын жүрек аурулары, эндокриндік аурулардың ауыр түрлері, аллергиялық аурулардың ауыр түрлері; қан мен қан өндіру аппараты аууларының ауыр түрлері, қатерлі онкологиялық аурулар, бүйрек жетіспеушілігі дамуымен бүйрек ауруларының ауыр түрлері, іріңді -септикалық аурулар, гипогалактияның бастапқы түрлері, анасының стационарлық емделуі.

Б). әлеуметтік:
- көпұрықты жүктіліктен пайда болған балалары;
- білім беру ұымдарында күндізгі түрінде оқитын аналардың балалары.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb