Вакцинация туралы 10 өзекті сұрақ
Вакцинация туралы 10 өзекті сұрақ
Иммунизациялау бойынша жиі қойылатын сұрақтар.
Әр ата-ананың алдында таңдау болады: өз перзентіне екае (вакцинация)жасату керек пе, әлде жоқ па деген.
Иммунизациялауға қатысты жиі қойылатын бірнеше сұрақтар мен олар бойынша мамандармен берілген жауаптарын ұсынамыз.
1. Вакцинация (екпе) жасату не үшін керек?
Бұл емшара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антител тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар.
Вакцинация жасатудың мақсаты – ағзаға вакцинаны енгізгеннен кейін спецификалық иммунитеттің қалыптасу, яғни иммундық жадының онымен байланысқан кезінде микроорганизмдердің анықталған антиденелеріне реакциясын қосу болып табылады.
Микробтың адам ағзасына енгізгеннен кейін ауру қоздырғыштарын жоятын бөлшектері – антиденелер пайда болады. Сондай бөлшектерді қажетті көлемінде өндіру үшін уақыт қажет, сол адам ауыратын уақыт болмақ. Антиденелер жеткілікті санында жинақталғаннан кейін, адам сауығады. Сырқаттың ауырлығына қарай, оған дейін аурудың асқынулары (жеңіл немесе ауыр түрлері), өлім-жітім оқиғаларына дейін дамуы мүмкін.
Вакцинация антинелердің қалыптасу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ асқынуларға жол бермеуге ықпалын тигізбек. Екпені енгізгеннен 5-6 күннен кейін, антиденелер өңделеді, антиденелер саны тез өседі, сонымен 20-22 тәулікте егуден кейін максималды саныны жетеді. Кейінірек ағзаны аталмыш түрінің микробтарымен шабуыл жасаған кезінде, олар тезірек және жеңілдеу басылады: иммуноглобулиндер бірінші не екінші күннен-ақ өңделе басталады, олар аурумен бастапқы контактыға қарағанда, бірнеше есе астам болмақ. Сонымен вакиналардың өздері ауруды шығара алмайды, өйткені олар тазартылған және нашарлап қалған. Вакцинация жасату ауру қоздырғышын асқынуына не өлім-жітім оқиғасына еш уақытта, не мүмкіндік те бермеуі керек.
2. Біздің Ұлттық егу күнтізбесі бойынша сәбидің алғашқы күндерінен-ақ басталады. Неге ерте?
Сәбидің қанына анасының жүктілігі кезіндегі құрсағынан антиденелер енеді. Сонымен, анасы не ауырған ауруларынан, не егу жасатқаннан болады. Бірақ, олар тез жойылады (нәрестенің 3 айынан бастап бір жылға толғанша). Сондықтан сәбидің кейбір инфекцияларына шалдыққан кезінде бала туылған сәттен бастап (гепатит В және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби сондай инфекцияларға қарағанда мүлдем қорғаусыз дүниеге келді. Басқа жағдайларда, мысалы, туылғаннан кейін 6-12 ай өткеннен кейін, қызылша мен қызамық ауруларына антиденелердің концентрациясы азаяды. Сондықтан балаға 12 айдан бастап қызылша мен қызамық ауруларынан екпені егу керек. Вакцинация қаншалықты ерте басталса, соншалықты сәби инфекциялық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті өңделе басталады.
3. Бір күнде балаға екі және одан да астам екпе жасатуға бола ма?
Қазіргі таңда әлемдегі көптеген елдер препараттың бір мөлшерінде бірнеше антигендер бар құрамбөлікті вакциналарды қолдануымен екпе жасау шарасына көшіп жатыр. Құрамбөлікті вакциналар инъекциялардың (ине арқылы дәріні енгізу) шарасының қолдану арқылы бір мезгілде бірнеше инфекцияларға қарсы иммунитетті қалыптасуына қол жеткізіп, олардың санын азайтуға мүмкіндік береді, егуге жалпы реакцияларының жиілігін азайтуға ықпалын тигізеді. Баланың иммундық жүйесі 109-1011 антигендерге дейін спецификалық антиденелердің жауабын алуын қамтамасыз ете алады, ал құрамбөлікті вакциналарымен ағзаға 25 антигеннен аспайтын құрамбөлікті вакцина енгізіледі, ондай жайт қазіргі таңда Қазақстанда АКДС жасушасыз вакцинасы енгізілуде, бұрын ( 2013 жылға дейін) қолданылған АКДС вакцинасы тұтас жасушалы көкжөтел құрамымында шамамен 3000 антиген бар болған. Замануи құрамбөлікті вакциналардың негізгі өндірушілері еуропалық елдер (Франция, Великобритания, Бельгия) болып танылады.
4. Баласына екпе жасатуға ата-анасына міндет тағыла ма?
Қазақстан Респуликасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіндегі 156 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің шеңберінде инфекциялық пен паразитарлық ауруларға қарсы профилактикалық егулер алуға құқылы. Одан да басқа, Қазақстан Респуликасы Конституциясының 29 бабына сәйкес Қазақстан Респуликасының азаматтары денсаулықты қорғауға және заңмен белгіленген тәртібінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алуға құқылы.
Профилактикалық егуді жасау шарты бойынша жазбаша түрде ұсынылған келіскендігі не бас тартқандығы жайлы қолхатының бар болуы танылады.
Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмақ. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін, (мысалы, 1995 жылы республикада күл (дифтерия) дертінің өршу дерегі тіркелген: 1105 адам ауруға шалдығып, соның ішінен 66 көз жұмған).
Қазақстан Респуликасының әр азаматы тек жеке өзінің ғана денсаулығын ғана ойлап күтпей, жалпы ұлттың саулығын көздеуі керек.
5. Батыс елдерінде екпеден баяғыда бас тартқан. Солай ма?
Қазақстан Респуликасының профилактикалық егу Ұлттық күнтізбесі ДДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді, Австрия, Израиль, Бельгия, Великобритания, Германия, Түркия, Жапония сияқты дамыған елдердің көпшілігінде иммунизациялау күнтізбесіне ұқсайды. Қаншалықты елдің өмір сүру деңгейі жоғары, соншалықты инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалатын, елдердің тізбесі кең. Батысеуропалық елдердің профилактикалық егулері бойынша күнтізбелері желшешекке, ротавирусты инфекцияға, адам папилломасының вирусына қарсы қосымша вакцинациялауы қолданатындығын дәлелдейді.
Кейбір елдер профилактикалық егулері болмаса, еліне кіруге тыйым салады. АҚШ-тың, Англияның оқу орындарында оқу үшін барлық профилактикалық егулердің міндетті түрде болуын талап етеді. Сауд Аравияға кіру үшін діни парызын атқарушыларына менингококты инфекциясына қарсы, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және африкалық контитентінің өзге елдеріне бару үшін сары қызба дертінен вакцинасының болуын талап етеді.
Қазақстан Республикасы толық мемлекет бюджетінің есебінен екпе жасайтын көп емес елдердің біріне жатады.
6. Мектепке немесе бала-бақшаға екпе жасалмаған баланы қабылдай ма?
Ата-анасының профилактикалық екпені жасатудан бас тарту баласын ұйымдастырылған ұжымдарына балаларды қабылдаудан бас тарту себебі болып танылмайды. Инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, екпе жасалмаған балалар арасында ауруға шалдығу қатері өте жоғары, әсіресе ауыр асқынуларымен және өлім-жітім оқиғаларына соқтыратын оқиғалары. Осыған байланысты балалар ауруынан толық сауыққанша, балалар мекемесіне бармауы керек, өйткені олар инфекциядан қорғалған.
Инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу мақсатында, профилактикалық егулерді алғаннан кейін ұйымдастырылған ұжымдарға балаларды қабылдау ұсынылады
7. Замануи вакцинанардың құрамында уытты заттар бар (сынап), олар жылдар бойы жиналып, елеулі зиян тигізу мүмкін. Рас па?
Вакциналар – сол инфекцияның немесе басқа оның құрамбөлігінің (бір бөлігінің, капсуланың, геннің) немесе басқа қоздырғыштары болып табылатын, микроорганизмдерден жасалған препараттар. Бұл емшара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антител тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар.
Екпелер тірі және өлілерге (жансызға) бөлінеді. Вакцинаның тұрақтылығын және стерильдігін қамтамасыз ету үшін оның құрамына, антигеннен басқа, арнайы консервант заттар қосады. Ең кең таралғаны мертиолят – бактерицидті әсері бар сынаптың этил қоспасы кіреді. Вакцинаның бір мөлшерінде болатын мертиоляттың саны аса аз - 0,003-0,01% дейін жетеді. Аталмыш зат бір тәулік бойы адам ауа арқылы және тұтынған асы арқылы алатын сынап өнімінің санынан аспайды. Мертиолят ішектен бір апта ішінде шығады. Мертиолят көпмөлшерлі құтыларда шығарылатын тек вакцинада қолданылады. Қазақстанда балаларды вакцинациялау үшін аса тазартылған бірмөлшерлі құтылардағы вакциналар қолданылады. Тазалау процессі қалай да өндірушілерімен, солай да жеткізілетін елдерімен бақыланады.
8. Неге екпе жасатудан бас тартады?
Жыл сайын республика бойынша ресми түрде тіркелген діни конфессияларында екпе жасатуға тыйым салынбағандығына қарамастан, балаларына екпе жасатудан бас тартатын ата-ана саны, әсіресе көптеген жағдайда діни нанымы бойынша, көбейіп бара жатыр. Қол жеткізген жетістіктерге байланысты, қаншалықты инфекциялар ауыр өтетіндігін, кейбір тұлғалар ұмыта бастады. Инфекциялар қайтпасқа жойылды деген жалған ұғым пайда болды. Сәйкесті иммунизациялау шарасын іске асыру деген қажеттілікте күмән туындады. БАҚ-та және интернете вакцинациядан кейін шыққан асқынулар жайлы жағымсыз ақпарат көбейіп кетті (аутизм, ДЦП деген). Мұндай ақпараттың іс жүзінде ешқандай дәлелдемелері жоқ.
9. Вакцина қауіпсіз бе?
Қазақстанда тұрғындарды иммунизациялау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің емшарасынан өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу емшарасы – күрделі көпкезеңді үрдіс және де нағыз замануи жабдығымен жабдықталған Республикалық иммунологиялық зертханасында вакциналарға қатысты зертхана бақылауы іске асырылады. Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша егжей-тегжей талдауы жүргізіледі, қосымша заттардың тұрақтылығына, ерекшелігіне, сезгіштігіне баға беріледі. Тіркелетін вакцина үшін өндіруші-елінде мемлекеттік тіркеуінің болуы, сондай-ақ өндіруші-елінде және басқа елдерінде клиникалық қолдануы бойынша деректерінің болуы талап етіледі. Сонымен қатар, вакцинаның сапасын растау, эпидемиологиялық тиімділігінің деректері бойынша, яғни вакцинаны қолданған нәтижесінде аурушаңдық деңгейін азайтылуын растауымен талап етіледі. Балаларды екпемен қамтамасыз ету мақсатында, вакцинаның өндірілуі ДҰҰ сертификатталған, сапасына кепіл берілген вакциналар Қазақстанда сатып алынады. Қазақстанда иммунизациялау бойынша Ұлттық консультативтік комитеті құрылғандығын, онда вакциналарды қолданудың халықаралық тәжірибесін , қолданылатын вакциналардың тиімділігін, жаңадан қолдануға енгізілген вакцинарды егжей-тегжей зерделейтін, денсаулық сақтау ісінің түрлі салаларының ғалымдары кіреді , сонымен соның нәтижесінде егу бойынша Ұлттық күнтізбесін жетілдіру бойынша мемлекеттік органға, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігінің негізінде ұсыныс жасалатындығын атап өткен жөн.
10. Екпе жасатқан аутизм ауруына шалдықтыра ма?
Мұқият жүргізілген зерттеулер вакциналар аутизм ауруына шалдықтырады деген пікірді мүлдем жойды.
Өйткені аутизм ауруының белгілері сәбидің өмір сүруі екінші жылға қарай өткенде пайда болуы мүмкін, мәселен, балалар сол кезде белгілі вакциналарды енгізген сәтте, сонымен аутизмнің шығу ссебебін вакцинадан деп ойлайды, өйткені құрамында (сынап, консерванттар бар; вакциналардың көптеген санын сәбидің өте ерте кезінде жасағандықтан( деген ойлар мазалайды.
Қазіргі таңда медициналық пен ғылыми зерттеулердің көлемді тәжірибесін жинақтаған ғалымдар бұл теріс пікірді жойды. Көптеген зерттеулер бойынша қолданылатын вакциналар аутизм ауруының шығуына себеп болмайды. Бұл зерттеулер мыңдаған, алуан санды зерттеушілердің қатысуымен бірнеше мемлекеттерде өткен.