Репродуктивті денсаулық-бұл тек жүктілік туралы емес. Бұл жалпы денсаулық туралы.
12 мен 18 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде -бұл ауқымды ақпараттық – ағартушылық науқан ,Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық коммисияның бастамасымен ұйымдастырылған.
Жобаның негізгі серіктестері -Денсаулық сақтау министрілігі,Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі,жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.Жоба халықтың репродуктивті денсаулық жұқпалы аурулардың алдын алу,отбасын жоспарлау және жауапты ата-аналық мәдиенетін қалыптастыру мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.Ерекше назар жастарға репродуктивті жастағы әйелдер мен ерлерге ,сондай-ақ ата-аналар қауымдастығына аударылады.
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында емханамызда келесі шаралар өткізілді;
1.14 Мамыр-Ашық есік күні өткізілді,жасөспірімдерге репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кеңес берілді.
2.16 Мамыр -Ашық есік күні өткізілді, онда жүктілік дейінгі дайындықтың ,отбасын жоспарлаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
3.Республикалық репродуктивті денаулық апталығы аясында мектептерде
« Ерте жүктіліктің алдын алу «, «Жауапты мінез -құлық және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу» тақырыптарында дәріс оқытылды.
Оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілік пен қараудың салауатты өмір салтының рөлі мен репродуктивті жүйе ауруларының алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді. Іс шара ашық диалог форматында өтті, онда оқушылар емхана маманына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.