Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz, pol-ka1@med.mail.kz, mail@gp1almaty.kz
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

ЖРВИ-ден қалай қорғау керектігін айтып береді .

Шанжарханова Гулдана Насыриддинкқызы👩⚕️. Жалпы тәжірибелік дәрігер 🩺. №1 қалалық емханасында.🏥 Өзіңізді ЖРВИ-ден қалай қорғау керектігін айтып береді. Суық тигеннен туындаған аурулар, ең алдымен жіті респираторлық вирустық инфекциялар – ең кең тараған аурулардың бірі. Бұл диагнозды көбінесе балаларға қояды, өйткені, жас баланың ағзасында иммунитет толығымен қалыптаса қойған жоқ.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!

«№1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН!

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

30 тамыз — еліміздің өміріндегі ерекше күн, қазақстандықтар дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін атап өтеді.
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін алғанымен, елдің негізгі заңы тек 1995 жылы түпкілікті бекітілді.
1995 жылы Конституцияның қабылдануы республиканың мемлекеттілігін нығайтуда үлкен рөл атқарды.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қолданыстағы Қазақстан Конституциясы қабылданды.
Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы ең жоғары құндылықтары ретінде Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын жариялайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және қызметтік жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге қатынасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге қатысуына, сондай-ақ бұрын сотталған-сотталмағанына қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады.

Конституция күні қарсаңында №1 қалалық емханада келесі іс-шаралар өткізілді:

1. Ашық есік күні, оған келесі мамандар тартылды: ЖТД, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, хирург, эндокринолог, офтальмолог, ЭКГ, УДЗ. Ересек тұрғындар тексеруден өтті.

2. «Қан қысымыңды, холестериніңді, қаныңдағы қант деңгейіңді біл!» атты көшпелі акция өткізілді.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс ұйымдастырылды!

   ҚР Конституция Күніне орай ШЖҚ-дағы “1 Қалалық емхана” КМК қызметкерлеріне салтанатты түрде “SENIM” денсаулық сақтау кәсіподақ ұйымынан және Медеу ауданының әкімшілігі аттарынан медаль мен алғыс хаттар табысталды. 2). “SENIM” денсаулық сақтау кәсіподақ ұймы комитетінің кеуде белгісімен ШЖҚ-дағы “1 Қалалық емхана” КМК-нің директоры Н.В.Немтина марапатталды.

Бұл марапаттау - мамандығы мен кәсібіне адалдығы мен біліктілігі үшін танылған құрмет.

PHOTO-2025-08-29-18-34-102.jpgPHOTO-2025-08-29-18-34-101.jpgPHOTO-2025-08-29-18-34-10.jpg

Ана сүтінің пайдасы.

Ана сүті өмірге жана келген сәби үшін ең маңызды қорек. Ол сәбидің интеллектуальды және эмоциональды дамуына көп әсер етеді.  Ал ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі.

  Емшек сүтінде балаға ең керекті А, Е, Д дәрумендері (витаминдер) көп. Ана сүтінің құрамына мыналар кіреді: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмірсутектер, үнемі жеткілікті су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец). Емшек сүтінде арнайы ферменттердің және оның қалыптасқан құрамының болуы, баланың тамақтануы кезінде ас қорытудың ешқандай бұзылуын туғызбайды. Ол баланың ішектерінде патогенді бактериялардың таралуына кедергі қойып, пайдалы микроорганизмдердің қоныстануына жағдай жасайды. Ұзақ уақыт емшек емген балалардың, болашақта гипертониялық аурулармен атеросклерозбен, қант диабетімен де сирек ауыратыны белгілі жайт. Ана сүті ми тканьдарының дамуын камтамассыз ететін және қалыпты интеллект қалыптастыратын май қышқылдарына қанықпаған тауринге (аминоқышқыл) бай келеді.

Емшек еметін бала анасымен тығыз байланыста болатындығы байқалады. Емізу әйелдің денсаулығына да оң әсер береді, маститтің, сүт бездері мен аналық без ісіктерінің болу мүмкіндігін азайтады.

Психологтардың айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап, еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады. Ал, сүт қоспаларымен қоректендіруде бұндай жылы сезімдердің болмасы анық. Ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, адамға жұғымды болып өседі. Ал, ана сүтін ембей өскен балаларда жасөспірім шақта қатігездік, қылмысқа бейімдік көп байқалған. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді. Сәбидің тәтті ұйқыға кетуі сүт құрамындағы белок арқылы жүзеге асады. Баланың борпылдатып емуі ананың денесін жұмсартып, еміренуін арттырады, шаршағанын басады. Баламен қатар ананың жүйке жүйесіне де емізудің пайдасы зор.

Түрлі зерттеулер негізінде ана сүтінің бала үшін пайдасы мол екендігін  ғалымдар дәлелдеген. Американдық медициналық ассоциациясы журналы жариялаған мақалада үш мың дат азаматына он жыл бойына жүргізілген түрлі интеллектуалды тестілеу нәтижелерін қорыта келгенде, туылған алғашқы тоғыз айда ана сүтін емгендерде естілік, ақыл-ой зеректігі анағұрлым озық болған. Ғалымдар ми дамуында ана сүті құрамындағы галактозалармен қатар ананың аялауы мен бөбектеуі де психологиялық әрі жағымды себептерге жатады деуде. Бұны Норвегияның ғылым және техника университеті мамандары да қуаттауда. 345 балаға арнайы тексеру жүргізген Доктор Торстейн Вик жетекшілік еткен ғалымдар тобы 1 жасқа дейін емшектен ерте шыққан балалардың өз құрдастарына қарағанда сана-сезім тұрғысынан анағұрлым төмен тұратындығын байқаған.

ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ жанындағы Балалар қоры баланы емшекпен емізу мерзімі екі жыл екенін әрі 6 айға дейін емшек сүтінен басқа ештеңе бермеу керектігін ескертуде.

PHOTO-2025-08-04-15-20-34.jpg

«Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Орталық аудандық кітапханада «Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. 

Шараға арнайы қонақ ретінде Бесқарағай ауданының №16 Өрт сөндіру бөлімінің және Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері отбасыларымен бірге қатысты. 

Бағдарлама аясында интеллектуалдық викторина, «Әуенді тап» музыкалық ойыны және кітапхана ішіне экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар Ата Заң туралы білімдерін ортаға салып, балалар мен ересектер бірге қызықты әрі мазмұнды уақыт өткізді. 

Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, балаларға тәттілер үлестірілді. Қонақтар іс-шараның тәрбиелік мәнін атап өтіп, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.

 PHOTO-2025-08-29-18-33-27.jpgPHOTO-2025-08-29-18-33-274.jpgPHOTO-2025-08-29-18-33-273.jpgPHOTO-2025-08-29-18-33-272.jpgPHOTO-2025-08-29-18-33-271.jpg

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері.

 Алматы қаласы №1 Қалалық емханасында участкелік мейірбикелермен «Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері» атты тақырыпта сабақ өткізілді.

                                   Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері.

Сәбидің ана сүтін емуінің маңызы зор.Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – анасының сүті. Ана сүті өмірге жана келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуальды және эмоциональды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіледі. Оған ең алдымен уыз берілуі де ғажап. Өйткені, уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге өте бай. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүті құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады.. Ана сүті мынадай тиім-ділігімен ерекшеленеді: ол қашанда қасыңызда, ылғи да тұтынуға дайын, арнайы әзірлеуді қажет етпейді; бірнеше күн анасы емізбесе де көкіректе не ашып, не бұзылып кетпейді; оны еш жерден сатып алмайсыз; ол тек сіздің балаңызға ғана арналған. Мамандардың айтуынша, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі. Мысалы, сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға ең керекті А, Е, Д дәрумендері (витаминдер) көп. Ана сүтінің құрамына мыналар кіреді: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмірсутектер, үнемі жеткілікті су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец). Емшек сүтінде арнайы ферменттердің және оның қалыптасқан құрамының болуы,  баланың тамақтануы кезінде ас  қорытудың ешқандай бұзылуын туғызбайды. Ол баланың ішектерінде патогенді бактериялардың таралуына кедергі қойып, пайдалы микроорганизмдердің қоныстануына жағдай жасайды. Ұзақ уақыт емшек емген балалардың, болашақта гипертониялық аурулармен атеросклерозбен, қант диабетімен де сирек ауыратыны белгілі жайт. Ана сүті ми тканьдарының дамуын камтамассыз ететін және қалыпты интеллект қалыптастыратын май қышқылдарына қанықпаған тауринге (аминоқышқыл) бай келеді.

PHOTO-2025-08-06-12-52-54.jpgPHOTO-2025-08-06-12-49-08.jpgPHOTO-2025-08-06-12-49-082.jpgPHOTO-2025-08-06-12-49-081.jpg

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb