7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі
Бұл күн 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) құрылған күніне орай таңдалды.
Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды.
Денсаулық - өмірдің ең жоғары құндылығы.
Мемлекеттің міндеті - дені сау балаларды тәрбиелеу және өз азаматтарының өмірін ұзарту. Бүгінгі таңда біздің елімізде адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылады және олар басым ұлттық жобаларға заңды түрде енгізілген.
Денсаулық сақтау құқығы - әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Денсаулық - бұл физикалық ақаулар мен аурулардың болмауы ғана емес, сонымен қатар әр адамның әлеуметтік, физикалық және психикалық әл-ауқатының жиынтығы. Жалпы адам мен қоғамның денсаулығы көптеген әлеуметтік, табиғи және биологиялық факторларға байланысты және 20% тіршілік ету ортасымен, 20% тұқым қуалаушылықпен, 50% өмір салтымен анықталады және тек 10% денсаулық сақтау жүйесіне байланысты.
Онымен ештеңе салыстыруға болмайды - байлық та, қоғамдағы позиция да, атақ та.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында ШЖҚ-дағы «№1 Қалалық емхана» КМК келесі шаралар өткізілді:
1.№19 мектепте «Жасөспірімдер арасындағықарым қатынас» тақырыбында тренинг.
2.Арнайы мамандарды тарта отырып, «Ашық есік күнін» өткіздік.
3.Мектепте жасөспірімдер арасында «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының көріністері», «Қарым-қатынас өнері», денсаулық мектептерінде дұрыс тамақтану, физикалық белсенділікті сақтауға баса назар аудара отырып, әңгімелер өткізілді.