Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz, pol-ka1@mail.ru
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу»

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері мен проблемалары әрқашан Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясатында маңызды орын алып келді. Бұл мәселелерді шешу көбіне еліміздің халықаралық қатынастарына байланысты айқындалды.

Көптеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында да, әйелдер мен ерлерге қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірдің барлық салаларында тең мүмкіндіктер заң жүзінде бекітілген.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, Қазақстан гендерлік теңдік деңгейі бойынша Орталық Азияда алдыңғы қатарда. Республикада әйелдердің білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

2009 жылы Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң қабылданды. Бұл заң әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың құқықтық анықтамасының бастамасы болды. Қылмыстық заңнамада да әйелдердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған ережелер қамтылған.

2016 жылы Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Барлық осы нормативтік актілер әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі БҰҰ құжаттарында белгіленген халықаралық қағидаттарға негізделген.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белгілерін сипаттайтын негізгі ұғымдар мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға уәкілетті мекемелердің тізбесі көрсетілген. Бұл заң 2024 жылдың тамыз айында жаңартылды.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтарын сақтау бойынша қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық сипаттағы құқықбұзушылықтар саны артып келеді, әйелдер құрбанына айналатын резонансты қылмыстар орын алуда.

Мұндай жағдайлардың көпшілігі некеде орын алады, ал әйелдерге қол көтеру және оларды қорлау көбінесе олардың заңды жұбайлары тарапынан жасалады. Әкімшілік және қылмыстық сипаттағы барлық тіркелген жағдайлардың 99%-ы физикалық зорлық-зомбылықты: соққы, дене жарақаты, азаптау, өлтіру, ұрлау және басқа да әрекеттерді қамтиды. Бұл құқықбұзушылықтар істер материалдарында психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылық фактілерімен қатар жүреді.

Алайда, мәселе мынада: әйелдер әлі де ер адамдар тарапынан өте қатал, зорлау мен өлтіруге дейін жететін тұрақты зорлық-зомбылықтың нысанасы болып қалуда.

ШЖҚ «Қалалық №1 емхана» КМК-де №19 жалпы білім беретін мектептің директоры Иманғалиева Айымгүл Даурбекқызы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың алдын алу» атты семинар өткізді.

PHOTO-2025-06-20-12-44-32.jpgPHOTO-2025-06-20-12-44-323.jpgPHOTO-2025-06-20-12-44-322.jpgPHOTO-2025-06-20-12-44-321.jpgPHOTO-2025-06-20-12-43-41.jpg

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb