Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

"ШЖҚ" КМК "№1 қалалық емхана"

Мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанда тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында мәңгіге жаңа мемлекеттік рәміздердің – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның дүниеге келген күні болып қалады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы — ортасында күн бейнесі мен оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті тік төртбұрышты мата. Тудың сабының жанында ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақ орналасқан. Күннің, оның шапағының, қыранның және ұлттық өрнектің бейнелері алтын түсті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек пішінді және көгілдір фонда шанырақ бейнесінен тұрады, одан күн шапағы тәрізді уықтар тарайды. Шанырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты тұлпарлар бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде көлемді бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» жазуы орналасқан. Жұлдыздың, шанырақтың, уықтардың, мифтік тұлпарлардың және «Қазақстан» жазуының түсі – алтын түсті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Қазақстанның әнұраны, бұрынғы атауы «Менің Қазақстаным» әні, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылғы 6 қаңтарда Парламенттің шешімімен бекітілді. Алғаш рет ол 2006 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты инаугурациясында орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Іс-шаралар:

№1 қалалық емхананың қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған іс-шараға қатысты. Бұл іс-шара мемлекеттік рәміздерді насихаттауға және оларға құрмет көрсетуге бағытталған.

- №67 балабақшада (ДДУ) құлақ-мұрын-тамақ дәрігері, педиатр, педагог-психолог, хирург, невропатолог мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өтті.

- Поликлиникада қызметкерлерге арналған «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізілді.

- Ұйымдарда «Қан қысымыңды, қант пен холестерин деңгейіңді біл!» ұранымен акция өткізілді.

 

PHOTO-2025-06-04-12-08-262.jpgPHOTO-2025-06-04-12-08-26.jpgPHOTO-2025-06-04-12-08-261.jpgPHOTO-2025-06-04-12-05-53.jpgPHOTO-2025-06-04-12-05-532.jpgPHOTO-2025-06-04-12-05-531.jpg

 

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb