Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

«Дәрігер – балалардың жанашыры»

Балаларды қорғау күні – жаздың алғашқы күніне сәйкес келетін, ең маңызды халықаралық әлеуметтік мерекелердің бірі. Бұл мереке 1950 жылдан бері бүкіл әлемде аталып өтеді. Оның өткізілуі туралы шешімді 1949 жылдың қарашасында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы арнайы сессияда қабылдаған. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады.

Қазақстан Республикасында бұл мереке кең көлемде атап өтіледі. Мектеп оқушылары үшін сүйікті мезгіл – жазғы демалыс жақындап келеді. Мектептерде және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде дәстүрлі түрде спорттық жарыстар, байқаулар, концерттер, бірлескен фильмдер көру және басқа да көңіл көтеру шаралары ұйымдастырылады.

Жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, қалалардың алаңдарында және саябақтарында балалар сурет байқаулары өткізіледі. Балалар асфальтқа күн, бейбіт аспан, қол ұстасқан ана мен әкені салады. Ата-аналар бұл күнді баламен бірге өткізіп, қолжетімді ойын-сауық арқылы оған мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысады.

Халықаралық балалар күнінің тағы бір ерекшелігі – өзінің туының болуы. Жасыл фонда Жер шары бейнеленген, оның айналасында қол ұстасқан түрлі-түсті бала мүсіндері орналасқан.

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ШЖҚ КМК «№1 қалалық емханада» келесі іс-шаралар өткізілді:

  • №19 мектеп оқушылары үшін мамандардың (невропатолог, офтальмолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, педагог-психолог, ЛОР-дәрігер, хирург, эндокринолог) қатысуымен көшпелі кешенді профилактикалық тексеру;

Мектеп жанындағы лагерьлерде келесі тақырыптарда әңгімелер өткізілді: мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы, жіті ішек инфекциясы

PHOTO-2025-05-26-14-18-15.jpgPHOTO-2025-05-26-14-19-303.jpgPHOTO-2025-05-26-14-19-30.jpgPHOTO-2025-05-26-14-19-304.jpgPHOTO-2025-05-26-14-19-302.jpgPHOTO-2025-05-26-14-19-301.jpgPHOTO-2025-05-26-14-18-59.jpgPHOTO-2025-05-26-14-18-593.jpgPHOTO-2025-05-26-14-18-592.jpgPHOTO-2025-05-26-14-18-591.jpg

 

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb