Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу
- 08 May 2025
Жеңіс күні қарсаңында №1 емхананың қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет пен көңіл бөлді. Жыл сайын соғысты, қанды шайқастарды, тылдағы ауыр еңбекті бастан кешіріп, осының бәрін бүгінгі ұрпаққа әңгімелеп бере алатын жандардың қатары сиреп барады…
8 мамыр күні емхана қызметкерлері тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, 80 жылдық мерейтойымен денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, сыйлықтар табыс етті. Құрметті жастарына қарамастан, бұл кездесулердің барлық кейіпкерлері болашақ ұрпақ үшін ерлік пен төзімділіктің үлгісі болып қала береді.
Мереке құтты болсын! Жер бетінде тыныштық пен бейбітшілік орнасын.
Дәрігерлер оларға шын жүректен алғыс білдірді.