Мүгедектер күні
- 01 November 2024
Мүгедектік - бұл жеке топтар үшін стандартты нормалар контекстінде жеке адамның мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейтін медициналық жағдай немесе дененің қатты бұзылған қызметі.
Қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда мүгедектер күні атап өтіледі. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде республикада құқықтарды қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамға толық интеграциялануы жөніндегі саясат іске асырылуда.
Аталмыш күнді атап өту мақсаты - қоғамның назарын мүгедектердің проблемаларына аудару.
Мүгедектер күні - бұл құрмет пен қолдауды білдіруге, бәріміз әртүрлі, бірақ тең екенімізді түсінуге және есте сақтауға себеп.
Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады.
Мүгедектер күні аясында 1 ҚЕ жоспарланған іс-шаралар өткізді:
1. Мүгедектігі бар адамдарға арналған мамандарды (акушер-гинеколог, дәрігер терапевт, хирург, эндокринолог, лор-дәрігер, невропатолог, кардиолог, дәрігер-онколог, ЭКГ, УДЗ, ОАК, биохимия және НЖА ) тарта отырып, «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.
2. Мүгедектігі бар тасымалданбайтын адамдар үшін үйде мамандарды ( терапевт, хирург, эндокринолог, лор-дәрігер, невропатолог, кардиолог, онколог- дәрігер, ЭКГ, НЖА (ОАК) қан алу, биохимия және НЖА ) тарта отырып кешенді тексеру өткізілді.