Қазақстан Республикасының күні жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі.
- 24 October 2024
Бұл күн Қазақстанның егемендікке қол жеткізуі мен мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту сәтін білдіреді.
25 қазан күні кездейсоқ таңдалмады: дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады.
Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде келесілер белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.
2001 жылы Республика күні ұлттық мереке мәртебесін жоғалтып, мемлекеттік мерекелер санатына ауыстырылды.
2022 жылдың 16 шілдесіндегі Құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.
«Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс. Әрине, тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Алайда оны тәуелсіздік алуға елеулі үлес қосқан ұлттық батырларымызды еске алу күні ретінде атап өту керек», — деді ол кезде Қ-Ж.Тоқаев.
Қыркүйек айының ортасында ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер турал» заңға түзетулер қабылдады.
Құжатқа сәйкес, Республика күні - 25 қазан - ұлттық мереке, ал Тәуелсіздік күні, 16 желтоқсан - мемлекеттік мереке болды.
- ШЖҚ-дағы «№1 Қалалық емхана» КМК қызметкерлеріне ҚР Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында салтанатты түрде (Алғыс хат, грамота)табыс етілді:
- С. А. Надирова - директордың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Медеу ауданының әкімі Е. Оразалиннің атынан - «Алғыс хат»
- А.Б.Құрманбаева - терапевт-дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарованың атынан - грамота.
- Ж.Ж.Исабаева - учаскелік мейіргер – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Ұлттық мереке – Қазақстан Республика күні қарсаңында ЖПД, педиатр, отоларинголог, кардиолог, невропатолог, хирург, эндокринолог, офтальмолог, ЭКГ, УДЗ мамандарын тарта отырып, емхана келушілері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.