Қазақстан Республикасының Конституциия күні!
- 29 August 2024
30 тамыз - еліміздің өміріндегі ерекше күн, қазақстандықтар дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өтеді.
Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғанымен, елдің Негізгі Заңы 1995 жылы ғана бекітілді.
1995 жылы Конституцияның қабылдануы Республиканың мемлекеттілігін нығайтуда үлкен рөл атқарды.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды.
Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамның, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең жоғары құндылықтары деп жариялайды
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды дикриминациялаудың (кемістудің) кез келген түріне тыйым салынады.
ҚР Конституциясы күні қарсаңында №1 емханада:
- «Ашық есік күні», мамандарды тарта отырып : ЖПД, педиатр, отоларинголог, кардиолог, невропатолог, хирург, эндокринолог, офтальмолог, ЭКГ, УДЗ мамандары арқылы балалар мен ересектердің денсаулықтары тексерілді.
- БМдМ қызметкерлері арасында «Өз қысымыңды, холестериніңді, қандағы қантыңды біл» атты көшпелі акциясы - 196.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс!
Бірінші сынып оқушыларын құттықтау және оқу жылы қарсаңында оларға сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті (қызметкерлердің балалары).