Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Құрметті аудан тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаты:

  • отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
  • ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
  • отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
  • қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2024 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін Зенкова көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан Медеу ауданы “Отбасын қолдау орталығына” 87081110729 нөмірі бойынша хабарлассаңыз болады.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 14 маусым.

#Otbasym2024

#МерейліОтбасы2024

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb