Комплаенс-қызмет
- 13 May 2024
Қоғамды демократияландыру және сыбайлас жемқорлықты алдын алу жолдарының бірі – қоғамдық бақылауды күшейту.
2024 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласы мәслихатының депутаты А.О.Көбеева мен жаттықтырушы А.И. Братенковтың қатысуымен және Ж.Қ. Касимжанованың модератор етуімен Алматы қаласы Қоғамдық десаулық сақтау мемлекетік мекемесінің Медеу және Түркісіб аудандары медицина ұйымдарының бақылау кеңестері мүшелері, бірінші басшылары мен комплаенс қызмет қызметкерлерімен «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР заңнамасын түсіндіру туралы кездесу өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметінің ашықтығын қалыптастыруда қоғамдық бақылаудың маңызын және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру механизмдері талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын тұлға мен медицина ұйымдары арасындағы қарым қатынас мәселелірі қаралды.
Өткен осы іс шара соңында ұйымдастырушылар, жаттықтырушы А.И. Братенков қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өте мазмұнды және пікірталасты өткен кездесуге қатысушылар болашақта қоғамдағы маңызды мәселелерді осылай талқылауға келісті.