Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

ИММУНДАУ - өзін және жақындарын сақтану тұрғысынан профилактикалық шараларының бірі.

ИММУНДАУ - өзін және жақындарын сақтану тұрғысынан профилактикалық

шараларының бірі.

Дүниежүзілік иммундау апталығы 2024 жылдың 24-30 сәуірі аралығында «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен өтеді — әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту.

Дүниежүзілік иммундау апталығының мақсаты - балалар мен ересектерді вакцинация арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғауды қамтамасыз ету, бұл оларға бақытты, салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта вакцинация жұқпалы аурулармен күресудің ең тиімді құралы болып табылады.

Қазақстан иммундау тегін және қолжетімді болып табылатын әлемдегі санаулы елдердің бірі болып табылады. Жыл сайын біздің елімізде халықты вакцинациямен қамтудың жоғары көрсеткішіне қол жеткізіледі, ол 95% және одан жоғары.

Вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейі ұжымдық (популяциялық) иммунитеттің сақталуын қамтамасыз етеді, яғни вакцинация тек өз денсаулығы үшін ғана емес , сонымен қатар қоғамның денсаулығы үшін де жүргізіледі (науқас инфекция көзі болып табылуы және басқа адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін).

Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесі дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, гемофильді және пневмококкты инфекция, полиомиелит, «В» вирустық гепатиті, туберкулез сияқты 11 инфекциядан қорғайтын 9 жоспарлы вакцинацияны қамтиды.

Эпидемиялық көрсеткіштер бойыншаы аталған инфекцияларды алдын алу және өлімнің алдын алу мақсатында құтыруға, «А» вирустық гепатитіне, тұмауға, сібір жарасына, обаға, кене энцефалитіне, менингококк инфекциясына қарсы иммундау жүргізіледі.

Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында ШЖҚ-дағы «№1 Қалалық емхана» КМК халықты ақпараттандыруға және халықты вакцинациялау үшін кедергілерді жоюға бағытталған жоспарға сәйкес келесі іс-шараларды өткізді :

1. Иммунизацияның жас кезеңдерін ескере отырып, иммунизацияның қауіпсіздігі мен маңыздылығын насихаттау бойынша медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар: сәби, жасөспірім, жетілу және қартаю жайлы;

2. Халық арасында және балалардың ата-аналарымен иммунопрофилактика мәселелері бойынша хабардар болу туралы әңгімелер өткізілді.

3.№ 161,12,19,52,33 ЖбБМ-де оқушылар арасында вакциналар арқылы алдын алуға болатын кез келген аурудың таралуына жол бермейтін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында дәрістер, әңгімелер, сынып сағаттары өткізілді.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb