2024 жылдың 24 ақпанынан бастап 24 наурызға дейін туберкулез дертімен күресу айлығы басталады
- 01 March 2024
2024 жылы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған ұран «Біз туберкулезді жеңе аламыз» деп танылған.
Айлықты өткізудің мақсаты: туберкулездің иммунопрофилактикасы бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің ерте диагностика бойынша сақтығын арттыру, профилактикалық іс-шараларды және туберкулездің алғашқы белгілері туралы халықтың хабардарлығын, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығын, емдеудің тиімділігін арттыру.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні жыл сайын 24 наурызда – 1882 жылы микробиолог Роберт Кох туберкулез инфекциясының қоздырғышын ашқанын жариялаған күні атап өтіледі.
Туберкулез әлемдегі ең қауіпті жұқпалы өлтіруші болып қала береді. Бұл аурудан бүкіл әлемде барлық жұқпалы және паразиттік ауруларға қарағанда көбірек науқастар өледі. Қазіргі туберкулез эпидеті жаһандық ауқымға ие болды. Бірде-бір ел туберкулез проблемасын елемеуге болмайды, өйткені ол халықтың денсаулығына, экономиканың жай-күйіне және қоғамның одан әрі дамуына қауіп төндіреді.
Аталған айлықақ аясында ШЖҚ-дағы «№1 Қалалық емхана» КМК-да учаскелерінде туберкулез инфекциясының қауіптілігі мен ауыр зардаптары, туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы хабардар ету мақсатында, Ашық есік күні: ересек фтизиатр, балалар фтизиопедиатрының консультациясы өткізіледі, дәрігерлер мейіргерлер арасындағы семинарлар, дәрістер, әңгімелер, ЖММ, колледждегі сынып сағаттары, Абай атындағы Қаз.ҰПУ студенттеріне және пациенттер арасындағы әңгімелесу өткізу жоспарлануда.