20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні.
- 20 November 2023
1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді енгізуді ұсынды. Осыған орай жыл сайын Халықаралық балалар байқауы өтеді. Яғни, балалардың дарынын ашу, оларға адами құндылықтарды сіңіру мақсатында өнер жарыстары ұйымдастырылады.
Қалалық N1 емханада тіркелген балалар арасында сурет салудан байқау өткізілді. Сол арқылы олардың талантына, дарынына көңіл бөліп, салауатты өмір салтын сақтау туралы насихаттау жұмысы жүргізілді.
Бүгінгі мерекеде біздің емхананың кішкентай пациенттерін құттықтай отырып, ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Денсаулықтары мықты болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!