Конституция күнін атап өтеді
- 31 August 2023
Біздің жас Тәуелсіз Республикамыз 30 тамызда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі - Конституция күнін атап өтеді. Өткен ғасырдың соңында әлем картасында Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеті, ал жалпы әлемдік саясатта - "Қазақстандық даму жолы" деген жаңа ұғым пайда болды.
Қазіргі Конституцияның жасаушысы Қазақстан халқы болып табылады, осылайша оған тек жоғары заңды ғана емес, сонымен қатар рухани - адамгершілік күш береді. Бүгінде әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын қалыптастыру кезінде жаһандық шешімдер қабылдау процестеріне қатысады.
Осылайша, Конституция Қазақстандағы халыққа ең бастысы - таңдау құқығын берді. Біздің көпұлтты елімізде Конституция - ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, сенімі мен дініне қарамастан, құқықтар теңдігінің мызғымас кепілі. Ал Қазақстан халқы биліктің жалғыз көзі ретінде танылды.
Бүгін 29.08.2023 ж. Конституция күнін мерекелеу қарсаңында - "№1 Қалалық емхана" ШЖҚ КМК-да салтанатты іс-шара өткізілді ( салтанатты жиналыс және мерейтойлар иелерімен, қызметкерлерге мақтау қағаздары мен мен бағалы сыйлықтар табысталды).
Емханада (балалар бөлімшесі) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шаралар шеңберінде бекітілген халықтың балалары үшін Ашық есік күні өткізілді, бала емдеу дәрігері, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, невропатолог, эндокринолог мамандарынан кеңес ала алды.
Сондай-ақ, ересектер бөлімінде "Өз қысымыңды, холестериніңді, қандағы қантыңды біл" акциясы өткізілді.