Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Вирусты гепатит

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) максаты ұйымға мүше мемлекеттер вирусты гепатитпен күресу, жаңа гепатитпен санын азайтуға негізделген.

2006-2030 жылдар аралығында инфекциялар 90%-ға және өлімді 65%-ға дейін азайтуға багытталған.

Вирусты гепатит – гепатит вирустары, улы заттар (мысалы, алкоголь және кейбір дәрілік заттар) әсерінен болатын вирустық емес гепатит және аутоиммунды аурулардан туындаған бауырдың қабынуынан болады.

Қазіргі уақытта бес гепатит вирусы белгілі: A, B, C, D және E. Олардың әрқайсысы адамға қауіп төндіреді.

В және С түрлері әлемде ең көп таралған.Олар ең қауіпті және бауыр циррозы мен бауыр ісігінің ең көп тараған себебі болып табылады. 80% жағдайда ауру ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді. С гепатитінің жедел кезеңінің ұзақтығы, мысалы, екі аптадан алты айға дейін. Осы кезеңнен кейін ауру созылмалы кезеңге өтеді.

А және Е гепатиті әдетте жеңіл өтеді.

Д типті әдетте В гепатиті бар адамдар ғана жұқтырады.

Сонымен қатар, кейде цирроздың және бауыр ісігінің қарқынды даму қаупін арттырады. Алкоголь және кейбір есірткілер, дәрі-дәрмектер сияқты заттар, сәулелену, кейінге қалдырылған COVID-19 салдарынан токсикалық әсер етуі мүмкін.

Гепатитке жол жоқ іс-шарасының басты мақсаты 2023 жылы халықтың вирусты гепатиттер туралы хабардарлығын арттыру, инфекцияның және оның таралуының алдын алу шаралары, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өз денсаулығы мен балалардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру.

«No1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған «Гепатитке жол жоқ!» Ұлттық бағдарламасы бойынша барлық іс-шаралар бекітілген жоспарлар бойынша өткізілді:

1. Балабақшада 3-6 жас аралығындағы балалар арасында танымдық ойын өткізілді

Балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын бекіту мақсатында «Таза қолдар»; Вирусты гепатит бойынша мамандандырылған сарапшыларды тарта отырып Ашық есік күні; ӨҚЖ, СРР-да уақтылы иммундау, оның ішінде ВГ-ға қарсы, жеке және қоғамдық гигиена, В гепатитінің анадан балаға берілуі бойынша сабақ өткізді; қызметкерлеріне арналған «Вирусты гепатиттің алдын алу туралы» тақырыбында семинар өткізді, т.б.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb