Вирусты гепатиттер
- 26 April 2023
Вирусты гепатиттер – гепатит вирустары тудыратын жедел және созылмалы вирусты бауыр аурулары тобы.
А, В, С, D және Е гепатиті деп аталатын бауыр вирусының кем дегенде бес түрі белгілі және олардың әрқайсысы жыл сайын 1,5 миллионға жуық адамды өлтіретін қауіп болып табылады.
Солардың бірі – вирусты гепатит А, оны Боткин ауруы деп те атаймыз.
2023 жылғы 26 сәуірде сағат 11.00-де инфекционист Сайфурхан Б.С. Абай атындағы Қаз ҰПУ-де 1 және 2 курс студенттері арасында «Вирусты гепатит А» тақырыбында дәріс оқыды.
А гепатиті – вирус тудыратын бауырдың жұқпалы ауруы.
А гепатиті адамда жиі кездесетін инфекциялардың бірі болып табылады.Климаты жылы және санитарлық жағдайы нашар елдерде А гепатитімен көптеген ауырады.
Орталық Азияда балалардың барлығы дерлік А гепатитімен ауыратыны белгілі.
Алдын алудың жалпы ережелері
Гепатит инфекциясының барлық түрлері үшін вирустардың ағзаға енуіне жол бермеу үшін бірқатар ережелерді сақтауға болады.