Адам папилломавирусы
- 20 April 2023
Адам папилломавирусы табиғатта кең таралған, адамнан адамға тұрмыстық және жыныстық қатынас арқылы таралады.
Бұл аурулардың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинация.
Адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакциналар жатыр мойны обырының және басқа да қатерлі ісіктердің алдын алудың әлеуетті құралы болып табылады, сондықтан халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру қажет.
2023 жылғы 19 сәуірде ҚазҰМУ - СДС-СЭСжМҒПО мамандары №1 Қалалық емханада дәрігерлер мен мейірбикелер арасында вакцинацияға, оның ішінде адам паппиломасы вирусына қарсы білімдерін бағалау бойынша анонимді сауалнама жүргізді.