Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Салауатты тамақтану – тамаша білімге жол

Алматы қаласының «Қалалық емхана №1» мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша «Салауатты тамақтану – тамаша білімге жол» Ұлттық бағдарламасы аясында іс-шаралар өткізілуде (2-11 сәуір)

Адам өміріндегі ең маңызды кезең – оның бүкіл тағдырының, денсаулығының іргетасы қаланған балалық шақ. Мектеп жасы – сүйек ұлпасының, тірек-қимыл аппаратының және басқа да маңызды мүшелердің қалыптасуы аяқталатын адам ағзасының даму кезеңі. Сондықтан теңдестірілген тамақтану өте маңызды.

Дұрыс тамақтану апталығы аясында емхананың салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігері мен мектеп медбикелері «Мектеп оқушыларының тамақтануындағы көкөністер мен жемістердің маңызы», «Рационалды тамақтанудағы ақуыз, май, көмірсулардың маңызы» тақырыптарында әңгімелер, сынып сағаттары өткізеді. Мектептегі тамақтану», «Диета».

5 сәуірде №19 ЖОББМ арнайы мамандарды тарта отырып ашық есік күнін өткізді және артық салмақпен ауыратын мектеп оқушылары арасында кеңес берді (Кветлет индексі және балалардағы бел шеңбері)

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb