Балалы аналар үшін ашық есік күні өтті
- 31 March 2023
2023 жылдың 31 наурызында «N1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК- көп балалы аналар үшін ашық есік күні өтті.
Акцияға учаскелік дәрігерлер мен медбикелер аудандардан көп балалы аналарды шақырды
Ашық есік күні аясында аналар келесі медициналық қызмет түрлерін алды:
- скринингтік зерттеулер: қандағы қантты, холестеринді анықтау, жасырын қан анализі, маммография, онкоцитология.
- мамандардың консультациясы өткізілді: невропатолог, оториноларинголог, эндокринолог, кардиолог, онколог, психолог, ОКЖ гинекологы;
- диагностикалық тексеруден өтті: ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы;