Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Медицина ұйымдарының комплаенс қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын жетілдіруге арналған іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті (Бұдан әрі мәтін бойынша – Департамент) және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (Бұдан әрі мәтін бойынша – Денсаулық басқармасы)

Алматы қаласы Денсаулық басқармасының «Жедел медициналық жәрдем қызметі» ғимаратында 2022 жылдың қараша айының 30 жұлдызында Департамент және Денсаулық басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Денсаулық басқармасына ведомствалық қарауынадағы медициналық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комплаенс-қызметінің (комплаенс-офицер) қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» тақырыбындағы кешенді шара өтті.

Өткізілген іс-шара шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Құрамаев Уалихан Нұрмаханбетұлы өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалынып жатқан шаралардың бірі квазимемлекеттік секторларда қызмет жасап жатқан комплаенс-офицерлерге әдістемелік көмек көрсету қажеттігін ашып айтты. Баяндамада квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерін анықтау және ішкі талдау жасау, сонымен қатар оны алдын-алу механизмдеріне кеңінен қамтыды.

Баяндамашы, Департамент тарапынан комплаенс-офицерлердің қызметтерінің сапасын көтеруге ұдайы көңіл бөлініп отыратындығын хабардар етті. Департамент қызметкерлері осы іс-шараға арнайы дайындалған «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» мәселелері жөндегі слайдты көрсетті.

Бұл шараға медициналық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комплаенс-қызметінің қызметкерлерімен қатар заңгерлер де қатысты.

Ұйымдастырушылар бұдан әрі медицина ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу шараларына байланысты туындайтын мәселелерді бірлесіп шешетіндіктеріне сөз байласты.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ КМК «№1 Қалалық емхана» комплаенс-қызметі

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb