Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Медицина ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша – Департамент) және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі мәтін бойынша – Қоғамдық денсаулық басқармасы) 2022 жылдың 4 каврталында жүзеге асырылуға тиіс сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген жоспарға (Кешенді жоспар) және Алматы қаласы бойынша департаменті және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылдың қараша айының 7 жұлдызында шығарылған № 317 бұйрығына сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ғимаратында 2022 жылдың қараша айының 9 жұлдызында Департамент және Қоғамдық денсаулық басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарының Қоғамдық денсаулық басқармасына ведомствалық қрауынадағы медициналық ұйымдардың бірінше басшылары, басшылардың орынбасарлары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комплаенс-қызметінің (комплаенс-офицер) қызметкерлеріне арналған «Медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы кешенді шара өтті.

Өткізілген шара шеңберінде Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалынып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері және оны жұзеге асыру механизмдерімен қатар заңды жауапкершілік және т.б. мәселелер қамтылды.

Департамент қызметкерлері осы іс-шараға арнайы дайындалған сыбайлас жемқорлық күрес мәселелері жөндегі фильмді көрсетті.

Аталған іс-шараны ұйымдастырған Қоғамдық денсаулық басқармасы қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалынып жатқан алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Баяндамашылар осы іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ұйымдастырушылар медицина ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті түбегейлі орнықтыру мақсатында бұдан әрі осындай іс-шараларды өткізіп тұратындақтарын хабарлады.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb