№1 қалалық емхана ұжымы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті
- 03 June 2022
Балалар – біздің өміріміздің, болашағымыз бен бүгінгі күніміздің гүлі.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Мерекеге орай №1 қалалық емхананың қызметкерлері 5-8 жастағы балаларына арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Барлық балалар ойын-сауыққа белсене қатысып, аниматорлармен ойындар ойнатылды. Мереке соңында әр балаға «Сенім» кәсіподақ ұйымының атынан арнайы «Puzzle» сыйлықтары табысталды.
Әрбір бала ауру-сырқаудан, агрессорлардан аулақ болсын!
Бейбіт заманның әрбір баласы бақытты болуға лайықты!
Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй


Балаларды тіркеу
Ересек тұрғындарға