Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы басқа Жолдауға қарағанда ерекше болды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын тарихи құжат деп айтуға болады. Бұл сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Себебі бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы нақты қадамдар айтылды. Бүгінгі Жолдау халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді және нақты бағыт-бағдарымызды айқындағаны мәлім. Ұлт болашағының жарқын келбеті туралы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отаншылдық рухы жоғары ел – көздеген мақсатына қалай да жетеді. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстан құру.

Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен елдің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық – мықты мемлекет құра алмайды. Бұл тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біздің келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз» – деп атап өтті. Сонымен қатар, елді мекендерде халыққа қолайлы жағдай жасау үшін өзгерістер енгізу, халық үнін еститін билік құру, әкімдерді жаңа форматта сайлау, сенат пен мәжіліс жұмысына өзгерістер енгізу Жаңа Қазақстанның қалыптасуына бағытталған нақты қадам. Тек осындай бірегей шешімдер мақсатымызға қол жеткізуге жетелейді.

Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан саяси модернизация курсын жүйелі түрде жалғастыра беретін болады. Осылайша кезекті саяси реформалардың сәтті іске асуы қоғамды одан ары демократияландыруға ықпал етеді. Ең бастысы, «Жаңа Қазақстанды бірге құру» жолында ел болып бірігіп, қоғам болып жұмылып ұйымшылдық таныта білу қажет».

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb