Омикрон коронавирусының жаңа штаммының негізгі белгілерін
- 03 December 2021
Омикрон коронавирусының жаңа штаммының негізгі белгілерін Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Кутзее сипаттап берді.
Ең маңызды нәрсе, бұл тесттер емес, бастапқы бақылауларға сәйкес сипатталған белгілер.
Омикрон штаммы бар науқастарда әлсіздік, шаршау сезімі байқалады. Жаңа штамммен анықталған алты жасар баланың жүрек соғысы жиілеп, дене қызуы көтерілген.
"Вирустың жаңа түрімен ауырғандардың ешқайсысында дәм мен иіс жоғалмаған. Ол жаңа штаммның белгілері алдыңғы штаммдардан ерекше және жеңіл түрде көрінеді" - деп атап өтті дәрігер.
А. Кутзеедің айтуынша, омикрон штаммын бақылау барысында пациенттердің басым көпшілігі коронавирусқа қарсы екпе алмаған жас жігіттер және ер адамдар болған.