Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Құрметті ата-аналар!

Сәби дүниеге келген кезінде, Сіздің балаға дұрыс тамақ беру (ана сүтімен қоректендіру) және күту, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету ретінде қамын ойлайсыздар. Кейде қайғы оқиғаның себебі механикалық асфиксия(тұншығып қалу) – тыныс алу жолдарын, мойынын, кеудесінің және ішпердесінің басылып қалғанның, сілекеймен, тамақпен, жұмсақ пен қатты заттармен әлсіз сәулені жауып қалған (бөгеттеніп қалған) салдарынан ауаның жіті жетіспеушілігінен - сәбидің өліміне соқтырады.

Механикалық асфиксияның себептері:

  • Сәбидің тыныс алу жолдары жұмсақ заттармен (жастықпен, көрпемен, ойыншықпен және т.б.) басылып қалуы.
  • Сәбидің тыныс алу жолдары ана сүтімен қоректендіру (емізу) кезінде анасының кеудесімен баласын басып қалуы.
  • Сәбидің тыныс алу жолдарына бөгде заттарының кіріп кетуі (ұсақ ойыншық бөлшектерінің, түймелерінің, сақиналардың, тиындардың және т.б.).
  • Сәбиді ана сүтімен қоректендіру кезінде сүті өңешіне емес, көмейіне, кейде бронхына кетіп қалуы, сондай-ақ шашалық қалуы.
  • Жиі сәбидің құсып тастауы.
  • Сәбидің мойын жағын шағын крестімен (тұмарымен) шышжыршасымен, тоқыма баумен байланған емізгісі басып қалатын заттар.

Механикалық асфиксияның белгілері:

Бұлшықет тонусының (күрт төмендеп кетуі, енжарлық) анық көрінетін төмендеуімен, көңіл күйінің бұзылуы, терісінің түсі өзгеріп кететін тыныс алу үшін механикалық бөгеттеріне байланысты, (20 секундден астам) тыныс алудың айтарлықтай созылып, тоқтап қалуы.

Механикалық асфиксияның профилактикасы

Сәбиді емізіп болған әр сәттен кейін, оны ана сүтімен қоректендіру кезде жұтып қойған ауадан кекіртіп алған жөн. Бұл үшін сәбиді тік ұстап, көтеріп тұрыңыз, емізіп болып жылдам төсекке жатқызып қоймаңыз.

Мерзімінен бұрын, айы-күні жетпей туылған немесе әлсіз нәрестелер төсекте жатқан кезінде де қайталама кекіруі мүмкін. Төсекте жатқан сәбидің басын үнемі жанына қарай жатқызып, қадағалап тұрыңыз. Егерде жиі кекіріп тұратын болса, онда мұндай жайт – дәрігерге жүгіну қажеттігісінің белгісі. Балаларға арналған төсек матрасы жартылай қатты болғаны жөн. Жастықтың орнына төрт қабат бүктеп салған жаялықты қолданыңыз. Сәбиге төсек керек-жарағын, киім-гешекті таңдап алатын кезде, тауардың әртүрлі ленталарысыз, әшекейлерісіз болғаны жөн. Сәбиді жайалықпен құнтақтамаңыз!

Сәби арқасымен немесе жанымен жатып ұйықтауы керек. Жанымен жатқызған сәбиді тіреп тұру үшін жастықтарды, жұмсақ ойыншықтарды немесе бүктеп жиналған төсек жамылдықтарын қолданбаңыз. Сәби жанымен жатқан кезінде, оның ішіне қарай кенеттен аударылып кетпеуі үшін, нәрестенің «төменгі жақтағы» қолы бос болу керек.

Үлкейіп қалған балаларды ұзақ уақытқа ана сүтімен қоректендіретін сәбидің жанында қалдырмаған жөн, сондай-ақ бір төсекте жаныңызға алып жатпаңыз. Сәбимен бірге жатып, ұйықтау, оның тұншығып қалу қатер факторына соқтыру мүмкін. Балаға арналған керует-төсегін өзіңіздің керует-төсегіңіздің жанына қойыңыз. Мұндай жайт сәбидің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және де Сіз балаңыздың жанында боласыз, сондай-ақ түнде бірнеше рет төсегіңізден атып тұрмай-ақ, қадағалауыңызға болады. Сізге төсегіңізден тұрмай-ақ, сәбиді түнде емізуге (арнайы тамағын беруге), сәбиді өз төсегіне жөндеп жатқызуға қолайлы болмақ.

Қажет болған жағдайда, мына телефон нөмірлері

Бойынша хабарласыңыз:

397-48-30, 397-47-43, 397-46-63, 397-47-90 – балалар бөлімшесінің тіркеу орны немесе Сіздің учаскелік дәрігеріңіздің және мейіргеріңіздің ұялы телефон нөмірлері арқылы байланысыңыз.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb