12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен құттықтады
- 13 May 2021
Бүгін 12 мамыр күні «Сенім» кәсіподағы және №1 емхана әкімшілігі орта буын қызметкерлерін Халықаралық мейірбикелер күнімен арнайы Алғыс хат, грамоталарымен марапаттады. Қазіргі таңда эпидемиологиялық және пандемия жағдайына байланысты мейірбике мамандығы жоғары сұранысқа ие. Себебі қаншама медициналық шаралардың жүзеге асырылуындағы мейірбикелердің қызметтік міндеттері, науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер мен мейіргерлердің еңбегі зор.
Ұстамдылық және шыдамдылық – медицина саласының негізі, бүкіл жүйе сол қасиеттерге байланысты. Барша орта буын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, қоғамға аса қажет игілікті еңбектеріңіздің жануын және мықты денсаулық, жұмыста өркендеу, табыс тілеймін.