Алматыдағы діни ұйымдарының өкілдері вакцинацияланды
- 19 April 2021
2021 жылы 16 сәуір күні қалалық №1 емханасына қарасты Абай атындағы ҚазҰПУ-нің №1 жатақханасындағы вакцинациялау пунктіне КВИ инфекциясын төмендету және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Спутник V» вакцинасын 40 адам алды, оның ішінде қаланың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен 25 адам вакцинацияланды. Атап айтқанда, ҚМДБ Алматы филиалы, «Қазақстан Православ шіркеуінің Астана және Алматы епархиясы» аймақтық діни бірлестігінің филиалы, Рим Католик шіркеуі, Інжілдік сенушілердің евангелисттік христиандарының «Жаңа өмір» шіркеуі, «Бахай» қауымдастығы және тағы да басқа діни өкілдері вакцинацияланды.
«Осы вакцинациялау пунктінде 10 сәуір мен 15 сәуір аралығында 95-тен астам біздің қаланың тұрғындары вакцинация алды. Біздің пунктте 13-тен астам дәрігер, медбике, волонтер жұмыс істеп жатыр. Бүгінде вакцина алғандардың арасында жанама әсері тіркелген жоқ. Таңғы 08.00-ден бастап 20.00-ге дейін жұмыс жасаймыз», – деді №1 қалалық емхананың Кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі Айман Мамбаева.
«Бүгін мұнда діни қайраткерлер, діни бірлестіктер басшылары Клубының 17 конфессиясының өкілдері бірлескен вакцинация үшін жиналып, өздерінің шіркеулеріне ұжымдық иммунитетке қол жеткізу және коронавирустан қорғау мақсатында медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын ескере отырып, вакцинациялау қажеттілігін көрсетті. Мен бес күн бұрын вакцина алдым. Мен өзімді жақсы сезінемін, менде ешқандай да теріс әсерлері болған жоқ. Егер вакцинация пандемияны жеңуге көмектессе, егер вакцина бізді және біздің отбасыларымызды аурудан қорғаса, вакцинация өте маңызды. Вакцина – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Діни тұрғыдан алғанда адам денесіне (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) инемен вакцинациялау оразаны бұзбайды» – деді Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.