Назар аударыңыздар! Қант диабеті!
- 28 January 2019
Қант диабеті – созылмалы ауру, аталмыш ауруға шалдыққан жағдайда, қалқанбез керекті инсулинді өндіре алмайды, немесе ағза без өндіретін инсулинді тиімді қолданбайды. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері (гипергликемия) нормадан асып кеткендігіне соқтырады. Қант диабетінің екі түрі болады:
1 түріндегі қант диабеті – инсулин аса төмен өңделетін балаларда, жасөспірімдер және жас адамдардың жас кезінде дамиды.
2 түріндегі қант диабеті – ағзадағы жасушаларының инсулинді қабылдағыштығы нашарлай түседі және қандағы қантты нормалау үшін жеткіліксіз болатын 40 жастан асқанда жиі орын алады.
Қант диабеті дамуының қауіп факторлары:- ұтымсыз тамақтану;
- аз қозғалуысыз өмір сүру;
- артық салмағы (абдоминалдық семіру );
- жүктілік кезіндегі қант диабеті (гестациондық қант диабеті);
- қант диабетіне шалдыққандардың жақын туыстары;
- жас мөлшері 65 жастан астам;
- жіті стресс жағдайы, ұзақ мерзімді қайта кернеу;
- жүрек-тамыр аурулары: артериалдық гипертония, жүрек ишемия ауруы, атеросклероз;
- қалқанбез аурулары (панкреатит, обыр)
- әлсіздігі, өте шаршағыштық;
- шөлдеу, ауыздың құрғауы;
- жиі несеп шығару;
- қышыну, терінің құрғақтығы;
- жылдам салмақ тастау немесе салмақ қосу;
- жаралары мен сызаттың ұзақ жазылуы;
- жиі шығатын инфекциялар
- ана сүтімен қоректендіру;
- инфекциялық аурулардың профилактикасы.
- салауатты өмір салты;
- тамақтануды дұрыс ұйымдастыру (күніне 5-6 рет тамақтану);
- мөлшерлі дене шынықтыру белсендігі (күніне 2 рет 40 минуттан кем болмайтындай тегіс жолмен жаяу жүру, суда жүзу, велосипедпен серуендеу);
- салмақты бақылау;
- стрестермен (күйзеліспен) күресу;
- дәрігерге дер кезінде жүгіну;
Есте сақтаңыздар! Қант диабетті ерте анықтау оның асқынуына жол бермейді.
Қант диабеті – бұл, біріншіден, салауатты өмір салты, дұрыс өмір салтын ұстанған жағдайда, асқынулар шығу қаупін төмендетуге, немесе 0-ге жеткізуге болады, сонымен өмір сүру сапасының жоғары деңгейге және ұзақ мерзімге дейін қол жеткізуге болады.
Егерде Сіз қауіп қатерінде болсаңыз, - жылына екі рет қандағы глюкоз деңгейін тексертіп тұрыңыз.