Онкологиялық бақылау бойынша сауалнама
- 21 January 2019
Құрметті пациенттер, бірнеше минут уақытыңызды бөліп, мына саулнаманы толтырып беруіңізді сұраймыз. Жауап беру барысында бір немесе бірнеше оң жауап болған жағдайда, онкологиялық ауруға шалдықпағаңызды анықтау үшін учаскелік терапевтке жүгінуіңіз керек!
№ |
Сұрақ |
жауап |
жауап |
1. |
Белгісіз себептен дене салмағының түсіп кетуі, себепсіз әлсіздік және шаршағыштық пен дене қызуының көтерілуі |
иә |
жоқ |
2. |
Ахуалын жеңілдетпейтін, қайытпайтын ұзақ мерзімді жөтел, қақырығындағы қан жолақтары |
иә |
жоқ |
3. |
Ауыз қуысында, ерінінде және тілінде ауыртпайтын тығызданулар мен ойықжарашықтар болса |
иә |
жоқ |
4. |
Тығызданулар, терісінде ұзақ жазылмайтын ойықжаралар мен сызаттар, қанталап тұрған немесе көлемі ұлғайып жатқан туа біткен дақтар |
иә |
жоқ |
5. |
Сүт бездерінде, қолтықасты ойықтарында, бұғанаасты жақтарында тығызданулар мен түйіндер; сүт безі формасының өзгеруі; емізіктен қан тәрізді шығындылар, жазылмайтын сызаттар, емізктің ойықжарашықтары |
иә |
жоқ |
6. |
Тамақ өтуінің бұзылуы, кеуде жағының ашытуын сезіну, тәбеті тартпауы, жүрегінің айнуы |
иә |
жоқ |
7. |
Ішінің шұрқырауы және ауырлығы, тікішегі жағында жағымсыз сезіну |
иә |
жоқ |
8. |
Нәжісте қан мен сілемейдің араласпасының болуы |
иә |
жоқ |
9. |
Қиналып жиі зәр шығару, зәрдің түсі өзгеруі |
иә |
жоқ |
10. |
Әйелдердің бұтарасының ауыртпалуы, жыныс жолдарының қышымасы және шығындылары, ішнің төмен жағында ісіктің пайда болуы, қан кетуі, әсіресе әйелдердің климаксы кезінде |
иә |
жоқ |