2018 жылғы нәтижелер туралы бас дәрігердің есебі
- 14 January 2019
2019 жылдың 14 қаңтарында ШЖҚ «№1 Қалалық емхана» МКК-да ұжымның қатысуымен отырыс өтті, сол отырыста емхананың бас дәрігері А.Г.Заировтың 2018 жылындағы емхана қызметінің қорытындылары туралы есебі ұсынылды. Басқосу жиналыста Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушыЛ.Т.Иманғалиева, Қадағалау кеңесінің мүшесі А.С.Исқақов, емхана қызметкерлері (50 адам) қатысты.
Аталмыш жиналыста емхананың ұйымдастырушылық құрылымы, негізгі медициналық-экономикалық көрсеткіштері, АЕК (амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге) бюджет құрылымы, кадрлық мәселелер, қызмет көрсетілетін тұрғындардың құрылымы, ауруханаға жатқызу бюросының деректері бойынша жоспарлы госпитализациялау жүргізуінің талдауы, иммунопрофилактика бойынша жұмысы, дәрілік қамтамасыз ету мәселелері, медициналық қызмет көрсетудің сапасын бағалауының жалпы индикаторлары, тұрғындар арасында өткізіліп тұратын профилактикалық жұмыс, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері қаралды.
2018 жылдың 12 айының қорытындылары бойынша мақсаттық индикаторларына қолжеткізген жетістіктеріне және меморандум нәтижелерінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізілген:- медициналық ұйымның қаржы тиімділігі шығынды емес;
- ана өлім-жітім оқиғаларының жоқтығы, сол сала бойынша тиісті индикаторға қолжеткізілді;
- Алғашқы медициналық-санитариялық қызмет көрсету (АМСҚ) деңгейінде алдын алынатын, өмір сүрудің 7күнінен бастап 5 жасқа дейін бала өлім-жітім оқиғаларының жоқтығы, сол сала бойынша тиісті индикаторға қолжеткізілді;
- қанайналымы жүйесінің: миокард инфакрті, ми қанайналымының жіті бұзылуы (МҚЖБ) 20,1 % құрады (шектен аспайтын) ауруларының асқынуымен ауруханаға жатқызылған тіркелген тұрғындардың ішінен ауруханаға жатқызылған аурулардың деңгейі - тиісті индикаторға қолжеткізілді;
- дер кезінде диагнозы қойылған өкпе туберкулезі. Индикатордың мәні 100% ( шектен аспайтыны 96,5% төмен болмауы) - тиісті индикаторға қолжеткізілді;
- 1-2 деңгейіндегі визуалды орныққан қатерлі өсіндінің диагнозымен оқиғаларды ерте анықтау. Индикатордың мәні – 72,5% (шектен аспайтыны 59,5% аспауы керек)- тиісті индикаторға қолжеткізілді;
- скрининг тексерілулермен тартылғандығы 100%;
- негізделген шағымдары -0, тиісті индикаторға қолжеткізілді;
- ЖРИ (жіті респираторлық инфекция) асқынуларымен ауруханаға жатқызылған 5 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 0,7 ( ҚЕ 12,0 және төмендеуі );
- перзентханадан шыққаннан кейін бірінші 3 тәулікте дәрігерлермен патронажды барып тұруы 160,0 ( ҚЕ 99,99 және одан да жоғары) - тиісті индикаторға қолжеткізілді;
- локалдық АЖ (ақпараттық жүйені) енгізу, 2017 жылдың желтоқсан айынан бері «DamuMed» ақпараттық жүйесі қосылған, 2018 жылдың 2 шілдеден бастап емхана пилоттық жоба бойынша қағазсыз құжатайналымына көшті;
- ЖТД (жалпы тәжірибе дәрігері) учаскелеріне тіркелген тұрғындардың саны 1700 құрады, тиісті индикаторға қолжеткізілді.
- ана мен бала өлім-жітім оқиғаларына жол бермеу;
- жүкті әйелдердің ерте тіркелу үшін емханаға келу деңгейін арттыру;
- әлеуметтік тұрғысынан маңызды аурулардың деңгейін жыл сайын төмендету;
- демографиялық жағдайатты жақсарту;
- тіркелген тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетудің берілген кепілді көлемімен қамтамасыз ету;
- материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
- АМСҚ реформалауын сектораралық пен ведомстволараралық өзара әрекеттесу бағытында жалғастыру;
- АДҚ шеңберінде дәрілік заттармен тұрғындарды қамтамасыз етілуін жетілдіру;
- ЖТД учаскелерін ірілендіру және де мультикешенді бригадаларды құру;
- салауатты өмір салтын насихаттауда, әлеуметтік тұрғысынан маңызды ауруларды алдын алуда жұмысты жандандыру;
- қызметкерлерге дифференциалды еңбекақысының төлемдерін ұлғайту;
- кәсіби біліктілік санаттарына ие дәрігерлер мен мейіргерлердің үлес салмағының болуын жақсарту;
- аккредитацияға дайындалу;
- қағазсыз құжатайналымына толық көшу.