Қазақстан халқының Тілдер күнне орай емханада семинар өтті
- 26 September 2018
2018 жылдың 21 қыркүйекте сағат 16.00-де № 1 қалалық емхананың мәжіліс залында емхананың дәрігерлері, мейіргерлері, өзге де қызметкерлері үшін елімізде жыл сайын дәстүрлі өтетін Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Латын әліпбиі: Рухани тәуелсіздік жолы » тақырыбында семинар өтті.
Аталмыш іс-шараны ұйымдастырып өткізу Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы сәуір айындағы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы тармақтарын іске асыру және Алматы қаласы, Медеу ауданы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жіберген ннұсқауын орындау мақсатында байланысты болды.
Мәжіліс залында жиналған дәрігерлері мен мейіргерлеріне емхананың мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі қосалқы қызметкер С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, тілдік пәндер кафедрасының аға оқытушысы З.Қ.Көкенова «Латын әліпбиі: Рухани Тәуелсіздік жолы» тақырыбында баяндама жасап, семинар өткізді. Жиналған медицина қызметкерлеріне бейнефильм көрсетіліп, қазақ тілінің латын графикасынағы ҚР Елбасы жарғысымен бекітілген жаңа әліпбиі көрсетілді.
Жиналғандардың арасында бұл өзекті мәселе қызуғышылық тудыртып, медицина қызметкерлерімен пікір алмасу өтті.
Сонымен қатар, республика деңгейінде аталып жатқан Тіл мерекесіне байланысты Алматы қаласы Әкімдігінің қарамағындағы Тлдерді дамыту басқармасының өкілдерінің жеткізген хабарламалары бойынша биылдан бастап Қазақстан халқының тілдер күні 5 қыркүйектен бастап (Қазақ тілнің реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні) аталып өтетіндігі жайлы құлақтандырылды.