Зерттеуге алдын ала дайындалу
- 13 August 2018
- УДЗ-ға түсіргенге дейін 1.5 - 2 сағат бұрын шамамен 1-2 литрдай сұйықтық (шәй, су, шырын сусын және т.б.) ішу керек.
- Зерттеуге қуық қалтасы тола болып келу керек (дәретханаға бармай).
- Трансректалды зерттеудің алдында тазалау клизманы жасап, тоқ ішекті босату керек.
- трансабдоминалды зерттеу үшін (іш құрсағы арқылы) гинекологиялық УДЗ –ге қуық қалтасын дайындау қажет: зерттеуге дейін 1 сағат бұрын 1 – 1,5 литрдай газдалмаған сұйықтық ішу керек, сонымен зерттеуге дейін зәр шығармай, дәретханаға бармау керек.
- Трансвагиналдық (трансқынаптық) қынап арқылы) гинекологиялық УДЗ үшін арнайы дайындық қажет емес, зерттеу бос қуық қалта кезінде жасалады.
ЭХОКГ зерттеуі (жүректі УДЗ ): осындай зерттеуге ЭКГ, қалқан бездің УДЗ нәтижелерін ала келу керек, ондай зерттеу кезінде арнайы дайындық қажет емес;
Бүйрек УДЗ: ондай зерттеу кезінде арнайы дайындық қажет емес;
ЭКГ зерттеу: ондай зерттеу кезінде арнайы дайындық қажет емес.
Ішперде қуысы органдарының (ІҚО) УДЗ:- ішперде қуысы органдарының эхографиясын түннен тамақ ішпей, ашқарынға таңертең жасалады, дегенмен шұғыл жағдайларда ондай зерттеу кез келген мезгілде жасалады. Көптген жағдайда ерекше дайындық қажет етілмейді, кейде толық (денелі) пациенттерде метеоризм ауруына шалдыққандығы көрініп тұрғанымен, сапалы тексерілу қиындау.
- Ішекте газ болуы негізделген кедергілерді азайту үшін 2-3 күн ішінде өсімдік қабыршықтарынан әзірленген жеңіл емдәмді тұтыну, ішектің газдануын күшейтетін азық-түлік тағамдарын қолданбау. Одан да басқа, карболен, ферменттік препараттарды (фестал, дигестал) дәрмектерді тұтыну ұсынылады.
Спирометрияны жүргізу бойынша алгоритмдері:
- пациенттің қолында кеуде органдарының флюрографиясының немесе рентгенографиясының нәтижелері болуы керек. Тредмил – тесті жүргізу алгоритмі: пациенттің қолында ЭКГ, ЭХОКГ (жүрек УДЗ) нәтижелері болу керек. Зерттеуге дейін 2 күн алдын мына препараттарды: B - блокаторлар, антагонисттер, кальций, нитраттарды тұтынбау керек.
- пациент зерттеуге дейін 8 – 12 сағаттай тамақ ішпеуі керек, ал таңертең зерттеу күні де тамақ та, сұйықтық та, дәрі де тұтынбай, аш қарынға бару керек. Бұл зерттеуді аш қарынға пациентті сол жағымен жатқызып, арнайы кабинетінде жасалады.