Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Алматы емханаларын цифрландыру жүріп жатыр

Алматыда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша шаһардағы әрбір емхананы цифрландыру ісі басталып кетті. Бағдарламаның міндеті бойынша медициналық мекемелердің бәрі түгел дерлік амбулаторлық қағаз карта мен аурудың тарихын жазуды тоқтатып, электронды жүйеге көшу керек. Ол медициналық мекемелердің қызметін жақсы үйлестіруіне және науқастармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Электрондық денсаулық паспорты арқылы дәрігерлер науқастардың денсаулығы жайлы толық мағлұмат, анамнезі, асқынған аурулары, аллергия, қабылдап жүрген препараттары жайлы толық дерек ала алады. Адамның денсаулығы жайлы мағлұматтар оған қай жерде ем көрсетілетініне қарамастан бір базада жинақталады.

Бүгінгі күні біздің емханада барлық қызметкерлер компьютермен, интернетпен толық жабдықталған. Біз электрондық денсаулық паспортымен тұрғындарды толық қамтуға тыры-судамыз. Соның арқасында науқастың емханаға келуі цифрлық технологияның көмегімен оңтайландырылмақ.

Тіркеуде дәрігерлердің қабылдау уақыты, кабинет нөмірі, науқастарды оларға тіркеу мен ол графикті қайта түзету, дәрігерді үйге шақырудың электронды журналы мен электронды науқас парақшасы бар. Электронды медициналық қызметтердің мобильді қосымшасы DamuMed арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазыла алады немесе оларды үйге шақыра алады. Сонымен бірге, жазылған рецептілер, лабораториялық зерттеулердің нәтижесі мен науқас қағаздарын көре алады.

«Мазасыз нүкте» қызметі арқылы 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар, екіқабат әйелдер мен диспансерлік бақылаудағы жеке топ науқастар шұғыл жағдайда «Мазасыз нүкте» қызметін басу арқылы үйге дәрігер шақыра алады.

DamuMed мобильді қосымшасының бір артықшылығы – дәрігер мен науқастың уақытын үнемдейді. Ол қосымша науқастың хабарласуы мен анализ қорытындысын алуды тездетіп, науқасқа қажет медициналық ақпаратты қолжетімді қылады әрі дәрігермен өзара байланысын жақсартып, оның денсаулығына қатысты нәрселерді дұрыс істеуіне жол ашады.

Күн сайын медбикелер әрбір қабатта кезекшілік жасап, тіркеуде тұрған менеджер науқастарға мобильді қосымшаны телефонға көшіру мен оны қолдану жолдарын түсіндіреді. DamuMed медициналық мекемелердегі кезек санын азайтып, болашақта мүлде кезек болмайтындай жағдай жасауға ұмтылуда.

Мүгүлсім ОМАРҚҰЛОВА,

Медеу ауданы №1 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері бөлімшесінің меңгерушісі.

Ақпарат көзі: http://almaty-akshamy.kz

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb