Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Халықпен жұмыс жүргізу

2018 жылдың 13 маусымда Алматы қаласы, Медеу ауданының Әкімдігі Мақатаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында («Көк базар» аумағында) мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша түсіндірме жұмысын өткізді. Аталмыш акцияға ШЖҚ «№ 1 Қалалық емхана» МКК да қатысты. Тұрғындармен түсіндірме жұмысы сағат 09. 00 бастап сағат 16 00 дейін болды. Күн бойы, түсіндіру жұмысы барысында тұрғындарға қойылған сұрақтарына жауап берілді, олардың қалауы бойынша қан қысымы өлшенді. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет түрлерімен қалай пайдалануға болатындығы іс жүзінде көрсетілді.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін дамуы бойынша стратегиялық жоспарындағы тармақтарының бірі денсаулық сақтау жүйесінің цифрлауы болып табылатындығын ескере отырып, қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінің деректері мен үрдістеріне қатысты қолжетімдігі, сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі, тұрақтылығы және пациенттерді бағыттау тұрғысынан кешенді цифрлау бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылуда.

Дәрігердің қабылдауына жазылатын алдын ала, сондай-ақ түпкілікті ақпаратты, дәрігердің не мейіргердің қабылдауында болған нәтижелері туралы барлық ақпарат ақпараттық жүйелерге енгізіледі. Қазіргі таңда әр тіркелген пациентке электронды «Денсаулық паспорты» ашылған, 2018 жылдың үшінші тоқсанының аяғына дейін «қағазсыз» емханалар мен ауруханаларға көшу жоспарлануда. «DamuMed» мобильдік қосымша қолданылады, бұл қосымша қолдану үшін өте ыңғайлы. Play Маркет арқылы қосымшаны көшіріп алу қажет, телефон және ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) қосып, тіркелу керек. Пациенттің жеке кабинеті электронды түрде ашылады, қай жерде болса да, сол арқылы учаскелік дәрігеріне, не арнайы маманның қабылдауына алдын ала жазыла алады, немесе дәрігерді үйіне шақырта алады, аталмыш электронды «Денсаулық паспортыңда» пациент туралы ақпарат жинақталады. (Жүкті әйелдер, 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар, диспансерлік пациенттер) категориясына жататын пациенттерге қолжетімді дабыл түймесіне ерекше назар аударған жөн. Аталмыш түймені қосу үшін учаскелік дәрігерге жолығып, ескерту керек.

Акция қатысушылары сағат 09 00 - 15 30: бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша орынбасары Попова А.Ю., терапия бөлімшесінің аға мейіргері Ілкебаева Г.У., профилактикалық бөлімшесінің мейіргері Джаланова А.Ш.

Акция қатысушылары сағат 15 00 - 16 00: күндізгі стационар дәрігері Тәттібаева А.Н., мейіргерлер Ақымжанова А., Бекібаева З.


Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb