Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жөнінде…

Еліміздегі «Міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру» туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. 2017 жыл­дың 1 шілдесінен бастап алғашқы бел­гі­ленген соманы жинау жұмыстары басталады. Соған сәйкес, аталмыш мерзімнен бас­тап МӘМС барлық тұрғындардың жыныс, жас, әлеуметтік статус, тұрған жері мен алатын жалақысына қарамай ай сайын Қор есебінен оларға медициналық және дәрі­гер­лік көмек көрсетуге кепілдік береді. Бұл ретте, 2017 жылы жұмыс беруші өз жұмыс­шы­сының төлемақысынан 1% пайыз мөл­ше­рінде МӘМС қорына жарна төлейді. Қазіргі қаржылық ахуалға қатысты жарналар 2018-2019 жылы – 1,5 %, 2020 жылы – 2%, ал 2022 жыл­дан кейін 3%-ға біртіндеп өсіп, кор­пора­тивтік жеке салықтарды есептеу кезінде шег­ерілмек. Жарна 15 ТТМ (Төменгі төле­м­а­қы мөлшерінен) аспайды. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жекелеген кәсіпкерлер екі ТТМ-нен 5% (2017 жылғы ТТМ 24459 тең­ге) көлемінде жарна төлейді. Ал жалдамалы жұмысшылар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысының 1%, 2020 жылы 2% Қор­ға төлеп тұруға міндетті. Тұтастай ал­ған­да, 2020 жылдан бастап жұмыс беруші мен жұмыскердің МӘМС қорына төлейтін жарнасы 5% болмақ. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай белсенділігі төмен тұрғындар бір ТТМ-ның 5% Қорға құйып отыруы тиіс. Кім медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейді?

Әлеуметтік қорғалған тұрғындар санаты
  • балалар;
  • көп балалы аналар «алтын алқа», «кү­міс алқа»;
  • ҰОС ардагерлері, мүгедектер;
  • Зейнеткерлер;
  • Жұмыс істемейтін оралмандар;
  • Колледж, кту, институт, университеттерде күндізгі бөлімде оқитын студенттер;
  • Жүкті әйелдер, бала 3 жасқа толғанға дейін­гі мерзімде декреттік демалыстағы тұл­ға­лар;
  • Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға­лар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға кү­тім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар;
  • Сот үкімімен жазасын өтейтін тұлғалар уа­қытша қамау мен тергей изоляторында отырған тұлғалар.

Белгіленген жарналарды төлемеуіне бай­ланысты қоғамдағы өзіндік статусы жоқ тұр­ғындарға медициналық қызмет көрсе­тіл­меуі мүмкін. Өйткені, егер де азамат жұмыс­сыз ретінде тіркелуден бас тартса, онда ол Қорға ТТМ-нен 5% я болмаса айына 1144, сон­да жы­лы­на 16970 теңге төлеп тұруы керек. Ал өзіңіз­дің әлеуметтік статусыңызды «http://egov.kz» Электронды үкімет порталына кіру арқылы анықтай аласыз. Ол үшін ал­дымен порталға тіркеліп, содан кейін бас­тапқы беттегі «Әлеу­меттік статусты тексеру» сілтемесін басу ар­қылы Сізге қандай статус берілгенін біле ала­сыз.

М.Қ.ОМАРҚҰЛОВА,
ШЖҚ КММ «№1 Алматы қалалық емханасының»
Кеңес-диагностика бөлімінің меңгерушісі.



Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb