Вирусты гептиттердің профилактикасы
- 25 August 2015
ШЖҚ-дағы «№1 Қалалық емхана» МКК-да тұрғындар арасында вирусты гепатиттер ауруларының профилактикасы мәселесіне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың тамыз айында тұрғындармен санитарлық -ағартушылық жұмыс жүргізілді.
Эпидемиолог дәрігер емхана қызметкерлері үшін «Вирусты гепатиттердің профилактиксы» тақырыбы бойынша семинар өткізді.
1 семинарға – 135 қызметкер қатысты.
25 тамызда сағат 10.00-ден бастап сағат 13.00 дейін ақпараттық -әдістеме нұсқаушаларын таратуымен «Д-Маркет» ЖШС-де Гепатит ауруымен дүниежүзілік күресу күніне арналған Акция өткіздік. Барлығы: 650 дана.
21 тамызда сағат 10.30ден бастап сағат 11.00 ге дейін Орталық сауда орталығыныда, «Көк базарда» сатушылар мен сатып алушылар үшін вирусты гепатиттердің профилактикасы» бойынша радио арқылы дәрісті терапевт дәрігер оқыды.
14 тамызда емхананың балалар бөлімшесінде және де ересектер бөлімшесінде вирусты гепатиттерге қатысты мәселелер бойынша «Ашық есіккүні « шарасы өткізілді. Барлығы – 56 адам.
Балалар үшін № 51 бала- бақшасында «Менің қолым таза!» деген ойын өткізілді.
Бұл шараға 28 бала қатысты.