Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам.
- 27 July 2015
27.07.2015 жылы ШЖҚ-дағы « № 1 қалалық емханасы» МКК-да «Барша үшін замануи мемлекет: 100 қадам – Ұлт жоспарын» Алматы қ. бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық жұмысы және жұртшылықпен өзара әрекеттесу бөлімінің консультанты Д.М.Сарбаевтың, Медеу ауданы бойынша Ішкі саясат басқарамасы бөлімінің басшысы Р.М.Ермакованың қатысуымен талқылау өтті.
“100 қадам” – бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президентке сайлауының алдында бес реформаны іске асыру бойынша жоспары жайлы жариялаған болатын.
«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жлоспары.
Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу. Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру - бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.
Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша, бұл реформалар – жаңа тарихи жағдайда ауқымды және ішкі сұраныстарға және де , бір жағынан, 30 дамыған елдер қатарына кіру бойынша қазақстандық жауабы болып танылады. Н.Ә. Назарбаев бұл реформалар жоспарын «Ұлт жоспары» деп атады, оларды іске асыру деген алдағы 10-15 жылда жүзеге асыру бойынша «нөмірі бірінші» міндеттерінің бірі болмақ.
Қазақстан: 100 қадам барысында 5 реформаны жүзеге асыру.
“Жүз қадам ” негізгі 5 реформадан тұрады: мемлекеттік аппаратты қалыптастыру саласындағы реформа заңдылықтың басымды болатындығын қамтамасыз ету бойынша, индустриализациялау мен экономиканың өсу реформасы “ Мәңгілік ел ” деп аталуда, ал сондай ақ транспаренттік есеп беретін мемлекетті құру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықпен күресу
индустриализациялау мен экономиканың өсуі:
әлем рыноктарына және халықаралық қаржы орталығына шығу;
Білім беру және денсаулық сақтау реформасы
Ұлттың бірігуі. Мемлекет қызметінің айқындығы.
«Барша үшін замануи мемлекет: 100 қадам – Ұлт жоспары» – жаңа тарихи жағдайда ауқымды және ішкі сұраныстарға және де, бір жағынан, 30 дамыған елдер қатарына кіру бойынша қазақстандық жауабы болып танылады.
Денсаулық сақтау саласының дамуын өзге ерекше деңгейге шығаруды Елбасы үш қадам арқылы жүзеге асыруын ұсынды: ең бастысы - міндетті түрде медициналық сақтандыруды енгізу; мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін күшейту; - меншікті медицинаны дамыту, мед. мекемелерде корпоративті басқаруды енгізу.
- ДСжӘДМ қарамағында көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру басты мақсат – медициналық қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізу (емдеу хаттамаларын), мамандарды даярлау, дәр-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапа мен қолжетімділікті бақылау).
Ең бастысы, біріншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады. Өйткені ауруды алдын алу, және дертпен ерте күресу деген аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеуі бойынша, оның жағдайларын, медициналық оңалтылуы, әйелдердердің жүктілігін қадағалау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, соның ішінде аурудың қауіп-қатер факторының деңгейін төмендету және де санитарлық-гигиеналық ағартушылық қызметі сияқты іс-шаралар кешеніне қожетімді медициналық қызмет түрлерінің барлық кешенін қамтамасыз етеді.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру делінген. 100 қадам» бағдарламасында медициналық мекемелерін корпоративті басқаруды енгізу мәселесі айқын көрсетілген. Бұл қадамды жүзеге асыру мақсатында, адам денсаулығының деңгейін жақсартуға, өмір сүру сапасының, оның ұзақтығы өзгеруіне, ал сондай- ақ еңбек шарттарын дұрыстаға бағытталған емдеу, мониторингтік, профилактикалық, аудиторлық және білім беру іс-шараларының кешенді шешілуіне қатысты болады.
Денсаулық сақтау саласындағы нысаналары арасындағы бәсекеге қабілеттілілік медициналық көмек көрсету сапасы деңгейін көтеруге ықпалын тигізбек. Ал ұйымның бәсекеге қабілеттілігі басқа да медициналық ұйымдарымен салыстырғанда, олардың қызметін сипаттайтын маңызды көрсеткіші болып табылады. Аталмыш жағдайатқа емдеу-профилактикалық мекемелерінің (ЕПМ) көзқарасы қатысты болмақ. Сондықтан әр ЕПМ бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы нысаналарының даму стратегиясы мен тактикасында бірінші кезеңдегі шешілетін мәселеге айналуы қажет. Бәсекеге қабілеттілік әр медициналық ұйымның күшті немесе осал жақтарын анықтауға мүмкіндік береді, ал ондай жағдайат алдағы тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету бойынша өзге де ЕПМ деңгейінде бірінші орында ең үздік емдеу әдістерін іздестіруге үнемі талпынуға ықпалын тигізбек. Пациенттің медициналық жүйеге қатысты қарамағындағы құрылымдарымен қарым-қатынаста болуда, өзара әрекеттесуде ең басты қадамы ретінде қанағаттанарлығын қамтамасыз етеді.
Үшінші, бұл да мағыналы қадам – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
Осындай комиссияны құру, көрсететін медициналық қызмет түрлерінің сапасы бойынша мониторингті енгізу медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық қызмет көрсету көлемі бойынша сапасы мен бақылауды күшейтуге ықпалын тигізбек. Көрсетілетін медициналық қызмет көрсету сапасы ауруға деген көзқарас бойынша медицналық қызмет көрсетудің сапасын бағалау ретінде 4 сатыдан тұрады: пациенттің алатын медициналық көмегінің сапасына қанағаттанарлығы және қолжетімділігі, сондай көрсетілетін медициналық қызмет көрсетудің оңтайлылығы. Көрсетілетін медициналық қызмет көрсету көлемінің орындалуын бақылау ұйым қызметін талдау арқылы атқарылады. Өткізілген талдаудан кейін анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданады.
Одан да басқа, мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруінде ынталандыру, мемлекеттік емес медициналық ұйымдар арқылы тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін беруін кеңейту ұсынулуда. Бұл қадам жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.