Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Кенеден сақ болыңыздар !

10.07.2015 ж. ШЖҚ-дағы « №1 Қалалық емханасы" МКК-да медицина қызметкерлерімен «Кене энцефалиты» тақырыбы бойынша семинар-сабағы өткізілді. Менің ойымша , біздің пациенттер үшін де бұл тақырып қызықты болар.

Жалпы мәліметтер Инфекцияның таратушылары ретінде иксодалық кенелер болып табылады, вирус ауру кене шаққан кезінде жұғады. Инфекция, сондай- ақ хайуандарға: кеміргіштерге, үй малына, маймылдарға, кейбір құстарға да, жұғады. Айтарлықтай қауіп-қатерге орманда жүргендер, орман өндіріс шарушылығымен, кен шығатын жерді барлаумен айналысатын тұлғалар, автомобиль және теміржолдарының құрылысшылары, газ құбыры желісінің, электрқуатын беру қызметшілері, құрылысшылары, топографтары, аңшылар, туристер жиі ұшырап жатады. Соңғы жылдары қаладан тыс жерлеріндегі ормандарда болған кене энцефалитын жұқтырған қала тұрғындары да жиі кездеседі.

Кене энцефалитының себептері Еуропаның барлық елдерінде, Ресейдің еуропалық жағындағы, Сібір ормандарында тараған инфекцияны таратушы ретінде табиғатта иксод кенелері болып табылады.

Кене ауру жануарды шаққаннан кейін 5-6 күннен кейін, вирус кененің жыныс аппаратында, ішегінде және сілекей шығу безінде орнығып, кененің барлық органдарына енеді ( ондай жайт кене адамды шаққан кезде вирустың жұғуын түсіндіреді). Адамға жабысып қалған кенені басып, езу, сүрту, тамаққа вирус жұққан ешкі сүтін не сиыр сүтін тұтынған кезінде тұлғаға жұғуы мүмкін. Орманға бармай- ақ сол вирусты жұқтыруға болады: кене орманнан сындырып алып келген бұтақтарда, үй малының үстінгі жүнінде және т.б. болу ықтимал. Егерде инфекция сүттен жұғатын болса, (кейбір мамандар осындай жұғу жолын жеке инфекцияға жатқызады) , вирус бірінші дене қызбасымен мазалап, басында барлық ішкі органдарға енеді, кейін вирус соңғы жеріне де жетеді: орталық нерв жүйесіне жетіп, екінші рет дене қызуын көтереді. Кене шаққан кездегі жұғу, вирустың ми мен жұлынды жарақаттап, оларды асқындырып, жалпы бір рет дене қызбасына соқтыратын аурудың басқа нысаны дамиды (энцефалитке шалдығу).

Кене энцефалитының белгілері (симптомдары) Ауру жіті түрде, кене шаққаннан кейін 1.5-3 аптадан кейін өршиді. Вирус мидың сұрғылт тінін, жұлынның қозғалу нейрондарын және

перифериялық нервтерді зақымдайды, ондай жайт сіңір тартылуына, кейбір топтар бұлшықеттерін немесе бүтін аяқ қолының сал болуына және терінің сезгіштігін жоғалтуға соқтырады. Кейінірек, вирусты асқыну миды зақымдаған кезде, қатты бас ауыруы мен жүрегінің айнуы, коматозды ахуалына дейін есінен танып қалу байқалады, немесе, керісінше, мезгілді және қай жерде екендігін білмей, психоқимылдың қозуы дамиды. Соңында жүрек -тамыр жүйесінің (миокардит, жүрек-тамыр жетіспеушілігі, аритмия), асқорыту жүйесінің бұзылулары байқалады: нәжіс шығару тоқтап қалуы, бауыры мен көкбауырының өсуі байқалады. Барлық аталмыш белгілер ағзаның уланған аясында байқалуда - дене қызуының С 39-40 градусқа дейін көтерілуі орын алады.

Асқынулар

Кене энцефалитінің асқынулары негізінде әсіресе, қолдарының енжар сал ауруы ретінде көрсетілген. Сондай дерттен өлім-жітім оқиғалары еуропалық түрінде, шамамен 2%- дан қиыр шығыстық түрі бойынша 20% -ға дейін асқынады. Ауру басталғаннан 1 апта ішінде қайтыс болады. Сондай -ақ, вирустың созылмалы тасушысының дамуы ықтимал.

Сіз не істей аласыз , қолыңыздан не келеді ?

Кенені байқаған кезде, оны шығарып ( тоғышарға май немесе спиртты тамызып, 20 минуттай кідіріп, соңынан кененің төменгі аяқшаларына ілмек тәрізді жіпті апару керек, аздап тартынқырап, толқынды қимылмен асықпай кенені жоғары қарай тарту керек, сондай- ақ сол әрекеттерді пинцет арқылы қыстырып жасауға болады). Ұстап алған кенені бір шиша банкеге салып, ауруханаға жеткізген жөн, онда зерттеп көріп, аталмыш кене жұқпалы ма, жоқ па анықтауға болады. Кенелер, өзінің физиологиялық ерекшеліктері бойынша, адам денесіне жабысып, сорған кезде, басынан-ақ адам қанын сора алмайды, сондықтан оларды тез уақытта анықтап, оны жойған сәтте, жұғуға қауіп -қатері азаяды. Мүмкіндігінше, жақындағы медициналық мекемеге жүгініңіз, онда мұқият түрде кенені алып тастайды, сонымен профилактикалық емді ұсынады. Кене шаққаннан кейін 30 тәулік ішінде дәрігердің бақылауында болуы керек. Дене қызуы шыққанда, немесе денесі бөртіп кеткен кезде инфекционист- дәрігердің шұғыл түрде консультация керек.

Дәрігердің қолынан не келеді ?

Кене шаққаннан кейін инфекцияның даму профилактикасының ең тиімдісі ретінде кенеге қарсы иммуноглобулинді енгізу (бұлшықет ішіне және бір реттік). Аталмыш дәріні барынша тезірек енгізген жөн. Бұл дәрмек затының құрамында дайын антиденелер бар, сол дәрмектің арқасында ағза күреседі. Сондай дәрмекті кене энцефалитына қарсы егілген донордың қанынан алады, сондықтан ондай дәрмектің құны жоғары болады. Сондай- ақ вирусқа қарсы дәрмектердің бір қатары, бірнешесі бар, ондай дәрілер аурудың дамуының профилактикасы үшін сіздерге тағайындау мүмкін.

Жұқпалы кене шаққан әрбір адам ауыра бермейді, ағзаның иммундық статусына байланысты. Шағымдар шыққан жағдайда, кідірмей дәрігерге жүгінген жөн. Кейінгі ем алу вирусқа қарсы иммуноглобулинды, интерферон мен рибонуклеаз дәрмектерін қолдануымен ауруханада іске асырылады. Міндетті түрде төсек тартып жату режимын, тиімді емдәм мен дәрумендермен емдеу талап етіледі.

Кене энцефалитінің профилактикасы

Кене энцефалитінен қорғанудың сенімді әдісі адамның жеке антиденелері болып табылады, олар егуге жауап ретінде өңделіп шығады. Дәстүрлі түрде сондай ем алдын ала күзгі- қысқы мезгілде жасалады. Дегенмен, қазір энцефалиттің жылдам профилактикасын жүргізу үшін шетелдік вакциналары шыққан (21 күн ішінде үш егу жасалады ). Аталмыш егу шаралары 91-97% оң нәтиже береді , адамдардың 3% егуге жауап ретінде қорғау антиденелері өңделмейді.

Кене энцефалитінен екінші сақтанудың негізгісі – орманда сақтық сақтап, тұлға өзін дұрыс ұстауы болып табылады. Орманға не орманды жерге бара жатқанда, баскиім киген жөн, барлық денесі жабық киім кию, және кенелер қорқатын , киіміне репеллент деген дәрмек затын себу керек. Орманда серуендеп жүріп, жалғыз аяқ жолмен жүріп, қалын тоғайға кірмеген жөн. Орманнан серуендеуден оралған кезде шешініп, бір- бірінің үстін, басынан аяғына дейін мұқият қарап шығу керек.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb