Артериялық гипертензиясы бар пациенттер МӘМС аясында қызмет алады
- 18 December 2025
Қазақстанда 1,5 млн адам артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр. Жыл сайын инсульт,миокард инфарктісі сияқты артериялықгипертензияның 50 мыңнан астам асқынуытіркеледі.
Мұндай пациенттер кардиологқа тұрақты түрде барып, тексерулерден (ЭКГ, СМАД, холтер) өтіп, дәрі-дәрмектерді жүйелі қабылдау қажет. Ал асқынулар туындаған жағдайда бірнеше жүз мыңнан бірнеше миллион теңгеге дейін жететін операциялар қажет болуы мүмкін.
2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтарға қажетті медициналық көмектің барлығы МӘМС есебінен көрсетіледі. Егер мәртеңізсақтандырылған болмаса, алдын ала бір жылға 51 000 теңге (айына 4 250 теңге) төлеу арқылы алуға болады.
Өз мәртебеңізді тексеріп, денсаулығыңызды қадағалап жүріңіз!
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:
- Telegram-дағы SaqtandyryBot(https://t.me/SaqtandyryBot);
- ӘМСҚ сайты(https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильдіқосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердіңмобильді қосымшалары.
Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй


Балаларды тіркеу
Ересек тұрғындарға