Call центр 7(727) 310-23-76; +7(727) 310-23-97.
Время работы с 08:00 до 17:00
г. Алматы ул.Гоголя, 53
E-mail: info@1gp.kz, pol-ka1@mail.ru
служба поддержки пациентов и внутренней экспертизы,
Телефон: 8 (727) 273-35-72. Время работы с 08:00 до 17:00

Ана сүтінің пайдасы

Ана сүті өмірге жана келген сәби үшін ең маңызды қорек. Ол сәбидің интеллектуальды және эмоциональды дамуына көп әсер етеді.  Ал ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі.

  Емшек сүтінде балаға ең керекті А, Е, Д дәрумендері (витаминдер) көп. Ана сүтінің құрамына мыналар кіреді: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмірсутектер, үнемі жеткілікті су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец). Емшек сүтінде арнайы ферменттердің және оның қалыптасқан құрамының болуы, баланың тамақтануы кезінде ас қорытудың ешқандай бұзылуын туғызбайды. Ол баланың ішектерінде патогенді бактериялардың таралуына кедергі қойып, пайдалы микроорганизмдердің қоныстануына жағдай жасайды. Ұзақ уақыт емшек емген балалардың, болашақта гипертониялық аурулармен атеросклерозбен, қант диабетімен де сирек ауыратыны белгілі жайт. Ана сүті ми тканьдарының дамуын камтамассыз ететін және қалыпты интеллект қалыптастыратын май қышқылдарына қанықпаған тауринге (аминоқышқыл) бай келеді.

Емшек еметін бала анасымен тығыз байланыста болатындығы байқалады. Емізу әйелдің денсаулығына да оң әсер береді, маститтің, сүт бездері мен аналық без ісіктерінің болу мүмкіндігін азайтады.

Психологтардың айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап, еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады. Ал, сүт қоспаларымен қоректендіруде бұндай жылы сезімдердің болмасы анық. Ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, адамға жұғымды болып өседі. Ал, ана сүтін ембей өскен балаларда жасөспірім шақта қатігездік, қылмысқа бейімдік көп байқалған. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді. Сәбидің тәтті ұйқыға кетуі сүт құрамындағы белок арқылы жүзеге асады. Баланың борпылдатып емуі ананың денесін жұмсартып, еміренуін арттырады, шаршағанын басады. Баламен қатар ананың жүйке жүйесіне де емізудің пайдасы зор.

Түрлі зерттеулер негізінде ана сүтінің бала үшін пайдасы мол екендігін  ғалымдар дәлелдеген. Американдық медициналық ассоциациясы журналы жариялаған мақалада үш мың дат азаматына он жыл бойына жүргізілген түрлі интеллектуалды тестілеу нәтижелерін қорыта келгенде, туылған алғашқы тоғыз айда ана сүтін емгендерде естілік, ақыл-ой зеректігі анағұрлым озық болған. Ғалымдар ми дамуында ана сүті құрамындағы галактозалармен қатар ананың аялауы мен бөбектеуі де психологиялық әрі жағымды себептерге жатады деуде. Бұны Норвегияның ғылым және техника университеті мамандары да қуаттауда. 345 балаға арнайы тексеру жүргізген Доктор Торстейн Вик жетекшілік еткен ғалымдар тобы 1 жасқа дейін емшектен ерте шыққан балалардың өз құрдастарына қарағанда сана-сезім тұрғысынан анағұрлым төмен тұратындығын байқаған.

ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ жанындағы Балалар қоры баланы емшекпен емізу мерзімі екі жыл екенін әрі 6 айға дейін емшек сүтінен басқа ештеңе бермеу керектігін ескертуде.

PHOTO-2025-08-04-15-20-34.jpg

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb